Featured Video Play Icon

Анестезия медбикесі – анестезиологияға байланысты фильмдер үзінділерін рецензиялайды

Автор: редактор 15 ноября, 2022


Сәлеметсіздерме! Менің есімім Надира. Мен анестезиология және реанимация және бөлімшесінде жұмыс істеймін. Бүгін біз медицина мен анестезиологияға тікелей байланысты фильмдерді қараймыз.

Бірінші фильмге көшейік

Жараны өңдеп жатыр.
Маскалық наркоз, бұл жерде севоран мен изофлуран беріледі. Бірақ ең алдымен біз оттегімен дем алғызамыз, кейін газдарды қосамыз. Бізде біраз өзгеше тәсіл қолданады, көздерді осылай жабысқақ қағазбен емес, бірінші фурацилин ерітіндісімен сүртіп үстінен салфеткамен жабамыз.
Ларингоскоп, интубация жүріп жатыр.
Негізі, енгізбелі наркоз кезінде адам бізді, хирургтарды ести алмайды. Наркозды енгізу барысында ғана пациент әлі де есінде болады, ал наркозды енгізеннен кейін, интубация кезінде, адам ешбір жағдайда бізді ести алмайды.

Екінші фильмге көшеміз

Жалпы, ол психологиялық деңгейде баланың жүйкесін жайландыру үшін препаратты енгізген сияқты. Сонымен қатар, көріп отырғанымдай, олар оны оттегі баллонына қосты. Балалар қатты қорыққан болар, ал оларды құтқару керек. Санасы дұрыс бала, ішінде не болып жатқанын білмей, суға түспейді. Сондықтан балаларға тыныштандыратын препаратты енгізіп, жүйкесін жайландырған сияқты.

Үшінші фильмге көшейік

Бұл жерде мультфильм көрсетілген. Арыстан тыныштандыратын дәрімен атылып, ол галлюцинацияларды көре бастайды. Бұл психотроптық немесе есірткі анальгетиктерге ұқсайды. Жануарлармен солай шығар, егер фильмдерді алсақ, ветеринарлар құтырған итке бірден жақындамайды, олар алдымен оны атып, ұйықтатады да, содан кейін ғана ветеринарлық клиникаға апарады.

Фильмдерді қараңыздар, кітаптарды көбірек оқыңыздар, үйде жатпаңыздар!