Айбын, Азия дауысы,Грант. 31 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 июля, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ «Қазақстан халқына» қоры бакалавриат бағдарламалары бойынша 850 білім грантын бөлді.

Білім беру грантына кімдер үміткер бола алады:

ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;

жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

мүгедектігі бар азаматтар;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.

📌 Грант, жоғары оқу орындарының тізімі және грант саны бойынша толық мағлұматпен «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бөлімінде таныса аласыз.

2️⃣ Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі өз мәресіне жетті.

Бұл шара қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандарды біріктіру міндетін қойып отыр. Сондықтан, үшінші күні ең алдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға «Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция — балаларымен ән шырқау ұсынылды.  Мәселен, Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.
Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.
Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алматының 60 үздік музыканты әртістер мен көрермендер үшін кеш бойы жұмыс істеп, нағыз саунд ләззат сыйлады!

Ал сіз “Азия дауысын” тамашалауға бардыңыз ба?😍 Өз эмоцияңызбен бөлісе кетіңіз)

3️⃣ Тоқаев өзгенің өмірі үшін өз жанын құрбан еткен мұғалімді «Айбын» орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

🟢 Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.