Қайда тегін баруға болады?(8,9 маусым)

Автор: редактор 08 июня, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

 

АЛМАТЫ:

 

💪Еламан Мұқтарханның It’s a full time job being non-binary атты жеке көрмесі 

Суретші сексуалдық, гендерлік және саясат мәселелерін қарастыра отырып, өз болмысын өнер арқылы зерттейді. 

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 8 және 9 маусым, 12:00-10:00

 

🤟«Сергей Параджанов феномені. 100 жылдық» халықаралық арт-жобасы

 

Алматыда армян режиссері Сергей Параджановтың 100 жылдығына орай халықаралық арт-жоба өтеді. Мұнда Қазақстан, Грузия және Латвия суретшілері төбе көрсетеді.

Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51

Күні: 8 маусым, 17:00

 

🧐«Тыныш бөлме» көрмесі 

Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет ш/а, д. 3/1

Күні: 8 және 9 маусым, 10:00-19: 00

 

🥳Тэоман Хостың графикалық жұмыстарының көрмесі

Суретші ұсынылған туындыларында дүние құмарлықтарын, соғыстар мен диктатураларды, құдайлық пен адамдық туралы ойлайды. Ол қарапайым материалды таныс бейнелерге айналдырып, сөздерін ағашқа бейнелейді.

Орналасқан жері: Oner Coner, Шевченко көшесі, 51 

Күні: 8 және 9 маусым, 14:00-21:00

 

 

АСТАНА:

💡Лейла Махаттың «MENMIN» атты жеке көрмесі

Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 8 және 9 маусым, 10:00 — 20:00

 

Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!