Айыппұл, Алтын жүлде, Платформа. 3 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 октября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Жыл басынан бері Қазақстан айыппұлдан 88,3 ммиллиард қаржы тапты.

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. 5,5 миллион құқық бұзушыға 128,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 ммиллиард теңгесі өндірілгені айтылды.

«Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 миллион айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 миллиард теңге сомасына 50 пайыз жеңілдікпен төленді. Биыл әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8 пайыз болды», — делінген хабарламада.

Яғни, 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.☝🏻

2️⃣ Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті.

Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.

Құтты болсын!🔥

3️⃣ Қазақстанда биыл 130,4 мың азамат SKILLS.ENBEK.KZ платформасында оқыды.

«Оқудан өткен 36,6 мың жұмыссыз азаматтың 12,7 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 235 курс жариялады, оның 177-сі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Платформада әр түрлі мамандықтар бойынша сертификаттар алды. Әсіресе ақпараттық технологиялар, тұрақтау және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді», — дейді ведомство.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда сертификат беріледі.

Олардың 36,6 мыңы — жұмыссыздар.📌