Дәрігер-гинеколог – медицинаға байланысты фильмдер

Автор: редактор 02 августа, 2022


Сәлеметсізбе! Менің аты-жөнім Нурсиленова Асем Нурсаиновна. Мен ота жасайтын дәрігер-гинекологпын. Medical Park медициналық орталығындағы гинекологиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысымын. Бүгін біз медициналық тақырыптағы фильмдердің үзінділерін қарап, оларды кәсіби тұрғыдан талқылаймыз.

Бірінші фильмге көшейік

Шыныменде босану – бұл физиологиялық процесс және оны тоқтату мүмкін емес. Бұл фильмде, негізінен, бәрі дұрыс көрсетілген – қағанақ суы кетіп, толғақтар басталды. Барлығы дұрыс.

№2 фильмге көшейік

Бұл үзінді үйде босану тақырыбына байланысты сияқты. Әйелдің антисанитариялық жағдайда екенін көруге болады. Енді олардың не істейтінін бақылайық.
Бірден дұрыс емес әрекет көрсетіледі. Шелектегі суда қолды жуа салғанның еш пайдасы жоқ. Міндетті түрде антисептикалық затты, кем дегенде сабынды қолдану қажет. Қолдарды кем дегенде 3 минут жуу керек.
Бұл жерде кейіпкер антисептик ретінде алкогольдік сусынды пайдаланады. Бірақ бұның еш пайдасы жоқ, себебі алкогольдік сусындардағы спирт мөлшері 42% — дан аспайды, ал дезинфекциялау үшін спирт мөлшері кем дегенде 70% болуы тиіс.
Бала дүниеге келіп, жылуды жоғалтады, біз бұны будың бөлінуінен көре аламыз. Кейіпкер баланы киімнің үстіне жатқызуға тырысады. Бірақ баланы жылыту үшін оны таза жылы әрі құрғақ жаялықпен жабу керек. Кейін сәбиді босанған әйелдің жалаңаштанған денесіне, сүт бездеріне жақын жатқызу қажет.
Әрине, осындай антисанитариялық жағдайда үйде босану, нәрестеге өте нашар әсер тигізеді. Осындай жағдайларда инфекциялық аурулардың қаупі жоғары болғандықтан, сәбидің аман қалу мүмкіндігі өте төмен болады.

Келесі фильмге көшейік

Бұл жерде шынымен төтенше жағдай көрсетілген. Сол жақ өкпенің пневмоторакс шұғыл әрекеттерді қажет етеді. Әзірге бәрі ережелерге сай жүріп жатыр. Пневмоторакс әдетте жарақат алған кезде пайда болады.
Дәрігер тікелей науқастың төсегінде қажетті шараларға кіріседі. Бұл жерде де антисанитариялық жағдай байқалады, бірақ осы жағдайда дәрігер әрекеттері ақталған. Сондай-ақ, ол науқас үшін неғұрлым стерильді жағдай жасауға тырысады. Бұл практикада бар. Тіпті көшеде де жасалуы мүмкін. Плевралды пункция деп аталады.

Келесі фильмге көшейік

Мұнда мониторда біз түзу сызықты көре аламыз, бұл – асистолия, жүрек жиырылуының жоқтығы. Дәрігер дефибрилляторды қолданады, бұл толығымен жөнсіз әрекет, себебі дефибрилляция қарынша және жүрекше фибрилляциясы кезінде немесе жүрек дірілі кезінде жасалады. Фибрилляция жүректің жиі және тұрақты емес жиырылуымен сипатталады және мниторда бір сызықша түрінде емес, жиі тербеліс түрінде анық көрінеді.
Бұл жерде электродтарға гельді жаққан-жақпағаны көрсетілмейді. Ең басты ереже – электродтар құрғақ болмауы тиіс. Электродтар дұрыс орнатылған. Техника сақталғанымен, көрсеткіштер мүлдем дұрыс емес. Асистолия кезінде дефибрилляция жасалмайды.
Осындай жағдайда пациентке басқа емдеу әдісі көрсетіледі. Бұл жүрек-өкпе реанимациясы, ол жанама жүрек массажымен және өкпені жасанды желдетумен жүзеге асырылады.

Соңғы фильм

Үзіндіде шәуетті инсеминациялау процесі көрсетілген. Бұл жерде шәуеттің кері ағып кетпеуі үшін жоғары позицияны бекіту қажет. Бірақ аяқты соншалықты жоғары көтерудің қажеті жоқ еді, себебі дәрігер, пациент 10 минут жата алатындай, орындықты тиісті күйде орнатқан болатын.

Фильмдер көрерменді қызықтыру үшін жасалады, ал сіздерге көрсетілген қателіктерді қайталамауға кеңес беремін. Ауырмаңыздар! Үйде жатпаңыздар!