Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қан тапсырған азаматтарға табысталатын “Құрметті донор” атағы қайтарылады.
Тиісті қаулы Ашық НҚА порталында жарияланды. Онда ведомство бұл төсбелгі донорларды ынталандыру үшін маңызды екенін атап өткен.
«Құрметті донор» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі үшін, қан донациясын немесе тромбоциттерді кемінде 40 рет, плазма донациясын кемінде 70 рет өтеусіз негізде жүзеге асырғаны үшін марапатталады», — делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде «Құрметті донор» атағын алуға лайықт 210 мың қазақстандық бар.
«Біздің елімізде қауіпсіз қан донорлығының негізін құру үшін халықтың хабардарлығын арттыруды ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін үлгі көрсету маңызды. Сол себепті бірнеше рет қан тапсыратын донорлардың қолдаудың ұзақмерзімді тәсілі қажет. Қазіргі уақытта белгіленген өлшемдерге жеткен белсенді донорлардың жалпы саны – 210 адам, ал төсбелгіні алғандардың саны 30 %-дан аспайды. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты «Құрметті донор» атағын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», — деп министрлік қаулыға түсіндірме берген.
Денсаулық сақтау министрлігі төсбелгіні қайта бекітуді ұсынды.👍
2️⃣ 21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салынуы мүмкін.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтуынша, 21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу бойынша заң қарастырылып жатыр.
Осыған орай, темекі тартуды азайту үшін биыл темекі өнімдеріне акциз ставкасы көтерілді. Сонымен қатар вейптер, олардың хош иістендіргіштері мен сұйықтықтарының айналымына толық тыйым салу бойынша мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды.
Сіздің ойыңыз қандай?🤔
3️⃣ Эльмир Әлімжанов семсерлесуден Азия ойындарының қола медалін иеленді.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.
Әлімжанов Ханчжоуда өтіп жатқан турнирдің ½ финалына дейін жетті. Бұл жетістігі оның қанжығасына қола медальді байлады.
Отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Коки Канодан жеңіліп қалды.
Қазақстан қоржынында қазір тоғыз медаль бар екенін айта кетейік. Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оқ атудан команда мүшелері екінші орын иеленді. Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан, Есмигүл Куюлова, мерген Никита Чирюкин, пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жүлдені қанжығасына байлады.
Құтты болсын!👏🏻🔥