«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 Ақпан, 2023


☑️ 34 жыл бұрын «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы пайда болды. 1989 жылы 28 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратына Семей ядролық полигонында радиоактивті газдардың ағуы және оның қазақстандықтар үшін қаншалықты қауіпті екенін айтқан жазушы Олжас Сүлейменовтің шақыруымен мыңдаған адам келді. Алғашқы күндері екі миллион қазақстандық ядролық сынақ полигонын жабу туралы құжатқа қол қойды. Сондай-ақ Қазақстанға АҚШ-тың Невада штатынан делегация келді. Олар бейбіт шерумен бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырды. Осылайша қозғалыс халықаралық сипатқа ие болды және өз атауын алды. 

☑️ Ақпанның соңғы күні – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні. Бұл – бұрын белгісіз болған әрі сирек кездесетін ауруларды түсінуге бағытталады. Бұл дәрігерлерге дұрыс диагноз қоюға және науқасқа оның бұзылуы туралы жан-жақты ақпарат беруге мүмкіндік береді. Бұл күннің мақсаты – қоғам мен мемлекеттің назарын әлеуметтік және қаржылық ауыртпалықты арқалап жүрген, белгісіз дертке шалдыққан адамдардың жағдайына аудару.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

☑️ Бүгін – Дүниежүзілік тігіншілер күні тойланады. 1846 жылы 28 ақпанда американдық Уильям Хоу тігін машинасына патент алды. Бұл өнертабыс бүкіл дүние жүзіндегі тігіншілердің негізгі құралына айналды, сондықтан олар жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы тігін машинасының маңызды рөліне құрмет көрсете отырып, осы датаны өздерінің мерекелері ретінде таңдады.

Таныстарыңыздың арасында тігіншілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

☑️ 28 ақпан өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 177 жыл бұрын қазақ халқының ұлы ақыны – Жамбыл Жабаев (1846-1945) дүниеге келді. Ол «Қара жарлық», «Еріншек туралы теңеу», «Хан мен ақын» т.б қоғамдық, тұрмыстық, лирикалық әндер, поэмалар мен ертегілердің авторы. Жамбыл бейнесі барлық түрлер мен жанрларда көрініс тапты. Ақын – қазақ өнерінің ұлы тұлғасы ретінде танылып, халықтың ұлттық рухын биікке көтерді. 

Сонымен қатар бүгін белгілі дирижер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Жалғасбек Бегендіков 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол «Отырар сазы» фольклорлық оркестрінде дирижерлік еткен. Маэстро есімі Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Өнер адамы гастрольдік сапармен ТМД, Франция, Дания, Қытай мемлекеттерінде болды. 

 

Сіздің қалаңызда Жамбыл Жабаевтың есімімен аталған ғимараттар мен көшелер бар ма?