«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 ноября, 2023


🦮30 қараша — Дүниежүзілік үй жануарлары күні. Олар үй иелернің қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне әрдайым мұқтаж. Тіпті мұның қарымтасына орай өмір бойы адалдығын көрсетіп өтуге дайын. Бірақ адамдар үй жануарларының жағдайына салғырттық танытып, бей-жай қарап жатады. Бұған интернет желісіндегі бақытсыз жануарлардың суреттері мен бейне-жазбалары дәлел.  Өткен жылдан бастап Қазақстанда қабылданған заңға сәйкес жануарларға қатыгездік танытқандар үшін 120 АЕК айыппұл салынып, 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал жануар ажал құшқан жағдайда жаза күшейеді. 

Сізге қай үй жануары ұнайды: мысық немесе ит?

💃30 қараша — Халықаралық белдемше күні. Бұл ерте заманнан келе жатқан киім түрі. Себебі бұл алғашқы қауымдық адамдардың негізгі киімі болған. Олар жылы жүруі үшін жануарларды өлтіріп, олардың өңделген терісін қолданған. Айтпақшы, ер адамдар белдемшені алғаш ойлап тапқан. Уақыт өте келе оны әйелдер де кие бастады. Белдемшенің ұзындығына қарай адамның әл — ауқатына баға берілді. Мәселен, бай адамдар ұзын белдемше киді. Бүгінде аталмыш киімді әр әйелдің күнделікті киіну үлгісінен кездестіруге болады. Ал Шотландияда белдемше ерлердің де ұлттық киімі.

 

Сіздің ойыңызша белдемшенің ұзындығы қандай болу керек?

✍️30 қараша екі атақты жазушының туған күні. 356 жыл бұрын ағылшын-ирланд жазушысы, философ және қоғам қайраткері Джонатан Свифт (1667-1745) дүниеге келді. Жазушы көпшілікке «Гулливердің саяхаты» сатиралық-фантастикалық романының авторы ретінде танымал. Мұнда адам мен әлеуметтік ортадағы келеңсіздіктер баяндалады. Свифт ағылшын болғанына қарамастан қарапайым ирландиялықтардың құқықтарын ерекше қорғап, олардың  шынайы құрметіне ие болды. Сондай — ақ 188 жыл бұрын американдық жазушы, журналист және қоғам қайраткері Марк Твен (1835-1910) өмірге келді. Оның шығармашылығы көптеген жанрды қамтиды. Атап айтатын болсақ, әзіл, сатира, философиялық фантастика, публицистика және тағы басқа. Осы жанрлардың бәрінде ол әрқашан гуманист және демократ позициясын ұстанады. Сарапшылар қазіргі заманғы американдық әдебиеттердің барлығы Марк Твеннің “Том Сойердің басынан кешкендері” және “Геклберри Финннің басынан кешкендері” кітаптарының желісі бойынша жазылған деп топшылайды.

 

Сіз қай романды ұнатасыз: «Гулливердің саяхаты» немесе «Том Сойердің шытырман оқиғасы»?

👥1984 жылы 30 қарашада өмірге келген қазақтың танымал әйелдері. Бүгін 2012 жылы үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы атанған спортшы Ольга Рыпакова 39 жасын атап өтеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің подполковнигі 2008 жылғы Олимпиаданың күміс және 2016 жылғы қола жүлдегері, қала берді көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанды. Өскемендегі жаңа жеңіл атлетика орталығына спортшының есімі берілді. Сонымен қатар бүгін әйгілі әнші әрі актриса Ерке Есмахан 39 жасқа толды. 2009 жылдан бастап ол “Іңкәр” тобында өнер көрсете бастады. Ал 2015 жылы әнші композицияны тастап, жеке мансабын бастады. 2018 жылы ол “Махаббат кафесі” фильмінде басты рөлді сомдады. Еркенің танымалдығын үдете түскен «Қайда?» әні YouTube желісінде 150 миллион қаралым жинап,  қазақстандық сегментте топ жарды.