McDonald’s, Олимпиада, «Балалар Евровидениесі-2022». 12 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандағы McDonald’s жұмысын қайта бастамақ.

Сауда және интеграциялар министрлігі Қазақстандағы McDonald’s мейрамханаларының жұмысын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиынға Қазақстандағы McDonald’s басшылығы, мемлекеттік органдар, «Қазақстанның Ет одағы», «Қазақстан құс өсірушілер одағы» өкілдері келген.

«Компания еліміздің нарығында қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр және мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіруде. Жыл соңына дейін алыс және жақын шетелдерден жүктер келеді. Кедендік тазарту процесі өкінішке орай, бір аптаға дейін ұзақ уақытты алады. Кедендік тазарту процесін барынша жеделдетуге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», – деді «Food Solutions KZ» ЖШС (Қазақстандағы McDonald’s) Бас директоры Әсет Машанов.

McDonald’s өнімін сағынып жүргендер бар ма? 🤔

2️⃣ «Балалар Евровидениесі-2022″ байқауында бірінші орынды Франция өкілі Lissandro иеленді.

Екінші орынды армениялық қатысушы 14 жастағы Наре, үшінші орынды Грузия өкілі Мариам Бигвава алды.

11 желтоқсанда Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорт-концерт залында «Балалар Евровидениесі-2022» ән байқауы өтті. Оған 16 елдің өкілі қатысты.
Қазақстандық Давид Чарлин «Балалар Евровидениесі-2022» байқауында «Жер Ана» әнін орындады.

Сен байқауды тамашаладың ба?😍

3️⃣ Бүгін қазақстандық оқушылар халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алып, рекорд жаңартты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алған. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.

«Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.

Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», – деген министр жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаған.

Еліміздің атын әлемдік аренада шығаратын талантты оқушыларымыз көбейе берсін!👍🔥🔥