McDonald’s, WBS, Теннисшілер. 17-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Қараша, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Азия жасөспірімдер рейтингісінде қос қазақстандық теннисші Альбина Кәкенова мен Сафина Сафиуллина көш бастап тұр.

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар.
Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-ракетка) мен астаналық Ариана Гогулина (8-ракетка) үздік ондыққа енді.

Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Бозбалалар арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-орынға жайғасса, алматылық Тихон Сорокин 7-сатыға шықты.

Жарайсыңдар!😍😍😍

2️⃣ Орта салмақта WBC «уақытша» әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге келісім берді.

Адамес жексенбіде британдық Дензел Бентлиді жеңгеннен кейін жариялаған «Qazaq style»-інің жазбасына жауап берді. «Қалған чемпиондардың барлығы менің 12 раундтан өткенімді көріп, естіді. Олар енді менен қашпайды деп үміттенемін. Бұрын олардың бәрі нокаутқа түсуден қорқатын. Енді оларда нокаутсыз-ақ жеңілуге болады деген үміт пайда болды. Бірақ олар үшін мен бірдеңе дайындап қойдым», – деп жазды Жәнібек желідегі парақшасында.

Адамес өзінің аккаунтында осы жазбаны ретвиттеп: «Мен дайынмын» деген пікір қалдырды.

Айта кетейік, Әлімханұлының өзі Бентлимен өткен жекпе-жектен кейін нақты ешкімнің атын атамай, белбеулерді «чемпиондардың кез келгенімен» біріктіруге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін хабарланғандай, Жәнібек Әлімханұлына рингке шығуға шектеу қойылды.

Боксшымызға жеңіс тілейміз!✊🏻✊🏻✊🏻

3️⃣ Қазақстандағы McDonald’s өзінің барлық мейрамханасының жұмысын 18 қарашадан бастап уақытша тоқтатады.

Компания жұмысын уақытша тоқтауының нақты себептерін әлі атаған жоқ.

Компания жұмысты жылдам қалыпқа келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу уақыты алдағы күндері белгілі болады.

Компанияның Instagram желісінде мейрамханалар техникалық себептерге байланысты жабылғанын хабарлады.

Компания өкілдері жұмысты тоқтату себептері туралы толық ақпарат кейінірек беруге уәде берді.

Ескере жүріңіздер!☝🏻