Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 28 Маусым, 2024


🎬»Октагон» спорттық драмасы. Фильм өмірден өз орнын іздеп, кәсіби спорт әлеміне, әсіресе, ММА әлеміне енуге талпынған жас қазақ балуанының өмірін баяндайды. ММА-ға бас сұққан спортшы бұл жерден махаббатын ғана емес, сонымен бірге биік мақсатын да табады. Фильм көрермендерге аралас жекпе-жек әлеміне ену арқылы спорттың адам өмірін қалай өзгертетінін, оны түрлендіретінін және оның шынайы мақсатын табуға көмектесетінін көруге мүмкіндік береді. 

Басты рөлдерде: Қабдолдаев Арнур, Пирназаров Шерхан, Жарылқасинов Мұрат, Тастанбекова Дәмели. Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cGh0PGxYp1c

 

🎬»Родной Қырғызша» комедиясы. Бақыт пен Қаныкей бала күтіп жүр. Тұңғыштары өмірге келетіндіктен, уайымға да салынады. Осылайша көршілері Катя мен Сапар өздерімен бірге туған жері Таласқа туыстарына сапарға аттануды ұсынады. Бақыт бұны қаламайды. Дегенмен Қаныкейдің қиналып жүргенін көріп, амалсыздан келіседі. Олар жолға шығады. Алайда жарты жолға келгенде ғана Сапардың атасының жерлеуіне бара жатқанын біледі. Оның үстіне жолды қысқарту үшін Қазақстан арқылы өту керек. Бұның бәрі Бақытқа ұнай қоймайды. Бірақ бұл алда болатын жағдайлармен салыстырғанда бұл кішкентай нәрсе еді. Басты рөлдерде: Қалипа Таштанова, Бақыт Османқанов, Тәуекел Мүсілім, Олжас Абай.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LdZpyo_jvrs

🎬»Сны космонавта» отбасылық драмасы. Геннадийдің немересі шыққан тегіне күмән келтірмегенімен, атасының фантастикалық әңгімелеріне, соның ішінде ата-анасы жерді зұлым жат ғаламшарлықтардан қорғайтын ғарышкерлер екеніне сенеді. Осы оқиғалардан шабыттанған Альтаир ғарышкер ретінде ғарышқа аттанып, ата-анасына қосылуды армандап, жарқын қиял әлемін жасайды. Басты рөлдерде: Мирзадинов Тагир, Токарев Михаил, Шыңғыс Капин.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kdgkETmfmOQ

🎬»Горизонты: Часть 1″ вестерні. Фильм ауқымды тарихи оқиғалар аясында өмірдің 15 жыл кезеңін қамтитын “отбасы, махаббат және достық” тарихына негізделген. Басты рөлдерде: Кевин Костнер, Сэм Уортингтон. Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=es8quG6mJY8

🎬»Драйвер» боевигі. Мотокросс чемпионы және бұрынғы әскери қызметкер Джек ақша тауып, інісінің лайықты болашағын қамтамасыз ету үшін жүк жеткізу жұмысына орналасады. Басты рөлдерде: Оливер Джексон-Коэн, Дженна Коулман. Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Mij-dKYkqTw

🎬»Подарок» отбасылық комедиясы. Бала данышпан отбасылық мұраны пайдалана отырып, уақытты басқара алатынын біледі. Көп ұзамай ол аға-әпкесімен бірге ата-анасын татуластыру үшін өткенге оралады. Басты рөлдерде: Шон Балентин, Джейден Беттс.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KO4kCwSZNOs

🎬»Любовь и пёсики» мелодрамасы. Кішкентай терьер Бобби Би мен сұлу ши-тцу Дзё-Дзё бір-біріне ессіз ғашық, бірақ олардың иелері тіпті бір-бірін танымайды. Бір отбасы болу үшін олардың басын қосуға тура келеді. Ал кедей ветеринар мен сүйкімді тұтынушы ше? Басты рөлдерде: Фэн Шаофенг, Бекстияр Гүлназер. Жас рейтингі: 16+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=23tIMYK-acI

🎬»Опасные воды» қорқынышты фильмі. Британдық Виргин аралдары. Колледждегі бес дос екінші дүниежүзілік соғыста апатқа ұшырап, жақында белгілі болған кемеге сүңгіп, үлкен ақ акулалардың құрсауында қалады. Басты рөлдерде: Ким Спирман, Джек Парр.Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=G9aDlm_PekU

🎬»Тихое место: День первый» қорқынышты фильмі. “Тыныш жер” франшизасының преквелі. Мұнда басқа галактикадан біздің ғаламшарымызға табан тіреген өлім құбыжықтарының пайда болуы туралы баяндалады. Олар қандай да бір жолмен дыбыс шығарғандардың барлығын өлтіреді. Басты рөлдерде: Лупита Нионго, Джимон Хонсу. Жас рейтингі: 16+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9moI-IjWxjw