Саяхат, Кітап, Карта. 13 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Маусым, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ American Space & Makerspace кеңістік пен уақыт арқылы, ұлы перғауындар тұсындағы Ежелгі Египетке саяхаттауға шақырады.

Дәрісте төмендегі ақпараттарды біліп шығасыз:

📌ұлы патшалар мен патшайымдардың қабірлері қалай салынып, қиратылды,
қабірлердің бірін қайта құрудың бірегей жобасы.

📌сирек тарихи фактілер,

📌 Нефертари мазарының суреттері мысалында Ежелгі Египет жерлеу архитектурасын түсіндірудегі заманауи ақпараттық технологиялардың артықшылықтары туралы,
египетология саласындағы әлі еш жерде жарияланбаған жаңалықтар.

Ертең «Нефертари қабірі» дәрісін тыңдап қайтыңыздар!👍

2️⃣ 14 маусым Tselinny Temporary-да «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабының тұсаукесері болады.

Ертең Tselinny Temporary-да (Желтоқсан, 137) Линчөпиң университеті гендерлік зерттеу бөлімінің профессоры Мадина Тлостанова аудармашылар Тілек Ырысбек, Сафина Ақтай және дизайнер Камила Захидовамен бірге қазақ тіліне аударылған «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын таныстырады.

Маусым айының басында Линкөпинг университетінің гендерлік зерттеулер кафедрасының профессоры, 2020 жылы “Целинный” заманауи өнер орталығы басып шығарған «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабының авторы Мадина Тлостонова келеді.

Қазақ тіліне аударылған кітаптың таныстырылымына барып қайтыңыздар😍

3️⃣ Бүгін яндекс.карта навигациясының қазақша нұсқасы іске қосылды.

Енді жүргізушілер Google Play, IOS-те мобильді қосымшаларын жаңарту арқылы қазақша нұсқаға ауыса алады. Сервис толықтай дайын. Тек жүргізушілердің барлығын қазақша нұсқасын жүктеп алуға көшіру ғана қалды. Бұл – бәрімізге ортақ міндет. Аталмыш бастама арқылы жолаушылар да тіл үйрену мүмкіндігіне ие болады.

Керемет бастама!🔥👏🏻

Енді жүргізушілерге кеңес бере аласыз!