Жарна, Бизнес идея, Режим. 23 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Қазан, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстан полициясы 25 қазанда күшейтілген режимде жұмыс істейді.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаевтың айтуынша, 24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілетін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы тұста, қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін артады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мың полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады.✔️

Еліміз тыныш болсын!🤲🏻

2️⃣ Қазақстанда 9,1 мыңға жуық адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9 093 грант берілді. Жалпы 2023 жылы барлығы 9 мың грант беру жоспарланған болатын.

«Биылғы 11 қыркүйектен бастап 22 қыркүйекке дейін гранттардың үшінші легі бойынша өтінімдер қабылданды. Бүгінгі таңда үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады, келісімшарттарға қол қою және грант алушыларға қаражат аудару процесі жалғасып жатыр», – дейді министрлік.

Гранттардың үшінші легінде барлығы 15,5 мың адам өтініш берген.
«Оның 9 мыңы көпбалалы оттбасылар, 3 мыңы мүгедектігі бар адам. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 771 өтініш қабылданды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 586 адам, 57 қандас және 196 қоныс аударушы өтініш берді», – дейді ведомство.
Бизнес идея үшін ең көп өтінім берген Түркістан облысы, Жамбыл, Қызылорда (1,8 мың) облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары. Ал ең азы Ұлытау және Қостанай облыстары.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грантқа өтінім беру тәртібі

Гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
«Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады», – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ал сіз грант иегері атандыңыз ба?🤔

3️⃣ Елімізде шетелдіктер үшін туристік жарна жойылады.

Осылайша, әзірленген жаңа түзетулерде туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайыздық мөлшерлемесі қолданылатыны көрсетілген.

Қазіргі уақытта орналастыру орындарында туристік жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1726 теңгеге дейін) бекітілген мөлшерлемелер қолданылады.
Сондай-ақ туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды.

Бұйрық жобасы 6 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық» НҚА сайтында орналастырылады.
20 қазанда туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік жарнаны (bed tax) алып тастау туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын. Себебі бұл отандық бизнеске де, шетелдік туристерге де қолайсыздықтар туғызады.

Туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды.📌