2022 жылы сұраныста болатын ТОП-7 мамандық

Автор: редактор 08 июня, 2022


💭Жоғары оқу орнына түсер алдында немесе қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылдасаңыз, ең алдымен еңбек нарығындағы мамандықтарға деген сұранысты ескеруіңіз керек. Бұл жұмысқа орналасу мүмкіндігіне, мансаптық өсуге және табыс деңгейіне тікелей әсер етеді.

Ендеше Дүние жүзіндегі жұмыспен қамту орталығының мәліметіне негізделген 2022 жылғы сұранысқа ие мамандықтарды қарастырайық.

🟢 IT инженері

Ең жоғары ақы төленетін әрі болашағы бар мамандықтардың бірі. Өйткені қазіргі таңда технология саласы қарқынды дамып келеді. Осы тұста өндіріс, құрылыс, сауда автоматтандырылған сайын бұл мамандыққа деген сұраныс арта береді.

🟢 Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы

2022 жылы IT саласында бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер мен мобильді құрылғыларға арналған веб-қосымшаларды жасаушылардың танымалдылығы жоғары. Бүгінде оларға деген сұраныс күн сайын ариып келеді.

🟢 Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман

Киберқауіпсіздік — еңбек нарығында, әсіресе, кибер қаупі жоғары қаржылық қызметтер көрсету орталығында, телекоммуникациялар, IT-индустрия секторларында негізгі технологиялық үрдіс.

🟢 Digital-маркетолог

Digital- маркетинг салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып саналғанымен, ол қарқынды дамып, болашағы үлкен салаға айналып келеді. Соңғы екі жыл ішінде digital-маркетинг мамандарына сұраныс бірден артты. Атап айтқанда, пандемияға байланысты кәсіптердің офлайннан онлайнға ауысуына байланысты аталмыш саланың ауқымы кеңейді.

🟢 Логист

Әрқашан сұранысқа ие болған логистика саласы электронды коммерцияның әрі жеткізу қызметтерінің танымалдылығының артуына байланысты маңыздылығы жоғарылады. 2020-2022 жылдары адамдардың 80% — дан астамы интернет арқылы сауда жасады. Бұл соңғы он жылдықтағы ең жоғары көрсеткіш болды.

🟢 Сату менеджері

Бүгінде бизнестің кез келген саласы сатумен тікелей байланысты болғандықтан, осы сала мамандарына деген сұраныс жоғары. Мәселен, өткен жылы сату саласында ашық бос орындардың ең көп саны тіркелді.

🟢 HR менеджері

HR (Human Resource )ағылшын тілінен аударғанда — «адам ресурстары» деген мағынаны білдіреді. Бұл бір орында тұрақтап қалмайтын, жас мамандықтардың бірі. Аталмыш мамандар компанияға қызметкерлерді тартумен айналысады. Олардың негізгі міндеті – жұмысшы мен басшылықтың байланысын жақсарту. Яғни, еңбек өнімділігі компанияның басқару жүйесі емес, менеджердің жұмысшыларымен қарым-қатынасына тікелей байланысты.