2022 жылы шетелде білім алғысы келетін қазақстандықтарға кеңес

Автор: редактор 14 Шілде, 2022


💭Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу бәсекеге қабілетті маман болуға ықпал етеді. Ал халықаралық үлгідегі диплом жұмысқа орналасуда үлкен мүмкіндіктерді ашады. Нақтырақ айтсақ, мансаптық өсу мен жоғары жалақы алудың кепілі. Қазақстандықтар қандай шетелдік жоғары оқу орындарында оқи алады және шетелдік университетке қалай түсе алады? 

Қазақстандықтардың шетелдік жоғары оқу орындарында тегін білім алуына әртүрлі мүмкіндік қарастрылған. Яғни, келісімшарттар негізінде, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы және басқа да бірқатар бағдарлама бойынша тегін білім алу қолжетімді.

🖇Мұнда қазақстандық студенттерге шетелде тегін білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар:

▪️Магистратура немесе докторантураға түсуге ниет білдірген студенттер үшін үкімет «Болашақ» стипендиялық бағдарламасын қабылдады. Оған үміткерлер конкурстан өтіп, қазақ және ағылшын тілдерінен емтихан тапсырып, қажетті құжаттарды өткізеді.

▪️Германияда оқуды таңдайтындарға әлемнің көптеген елінде және Қазақстанда жұмыс істейтін DAAD академиялық алмасу қызметі үміткерлерге дайындалуға және жоғары оқу орындарына түсуге көмектеседі. 

▪️Chevening Британдық бағдарламасы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында магистратурада тегін оқу үшін және үкіметтік стипендияларды алуға көмектеседі. 

▪️ Қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері мен аспиранттары үшін Америка университеттерінде білім алуға Fulbright стипендиялық алмасу бағдарламасы бар.