Бұл тақырып кез келген адамды қызықтыратыны рас.
Олай болса біз ұсынған төмендегі кеңестерге көз жүргіртіп өтіңіз.
💸Ақшаны жақсы көріңіз
Қоғамда ақшаға деген теріс пікір қалыптасқан. Мәселен, көбі ақша ұстауға қорқады немесе қолына ақша түссе, оны бірден жұмсап тастайды. Есіңізде болсын, ақшаны жақсы көру оған деген шынайы қарым-қатынастан басталады. Түпсанамен жұмыс істеңіз. Себебі тартылыс күші түпсанадан туындайды. Ақшаға деген ойдың бағытына назар аударыңыз. Оған махаббатпен, қамқорлықпен қараңыз.
💸Аффирмация жасаңыз
Біздің миымызға түсетін кез келген ой шындыққа айналуға тырысады. Егер аффирмацияны жиі айтып жүрсеңіз, өміріңіз де жақсы арнаға бұрылады. Нақтырақ айтсақ, оны күнделікті айтып жүру нәтижеге алып келеді. Ақшаға деген аффирмацияның қысқа да нұсқа болуын қадағалаңыз. Сонымен қатар оны келер шақта жазбаңыз, бұл арманыңыз орындалып қойғандай жазыңыз. Мәселен, “ Мен миллионермін”, “ Мен ақшаны жақсы көремін”, “Ақша маған оңай әрі тез келіп жатыр”, “Мен баймын” деген нұсқада жазып көріңіз. Бастысы, шын жүрегіңізден шықсын.
💸Ақшаны аямаңыз
Ақшаның энергия екенін естен шығармаңыз. Оның қолданыста жүргені дұрыс. Сондықтан өзіңізге ақша жұмсап үйреніңіз.
Жоспарлаған затыңызды сатып алыңыз, болмаса өмір бұл қаржыны өзге шығындар арқылы алуы мүмкін. Егер қажеттілік туындамаса, депозитке салыңыз. Жиналатын ақшаның мақсаты дұрыс болсын. Мысалы, саяхатқа, көлікке, қайырымдылыққа деп жинасаңыз, берекелі ақша болады. Сондай-ақ ақша жинауда нақты мақсатыңыз болса, оны табуда оңайға соғады.
💸Ақшаны санауды үйреніңіз
Ақшаны дұрыс санай білгенде ғана, ол көбейеді. Қолға түскен қаражатымызды жүйелі санау арқылы түпсанамызға қаншалықты көп ақшаны игере алатынымызды дәлелдейміз. Сонымен қатар санау барысында бірнеше айналым жасап отырыңыз. Мәселен, 100 мың теңге болса, 7 айналым жасау арқылы миыңызға 700 мың деген санды енгізесіз.