Ақша жинауға қатысты қандай лайфхактар білесің?

Автор: редактор 02 Наурыз, 2022


💵 Шынтуайтында, ақша дән сияқты. Оны ексек, жемісін көреміз. Сондықтан күнделікті өмірде ақша жинауды әдетке айналдырсақ, өз қажеттіліктерімізді өтеуге мүмкіндік аламыз.

Олай болса, назарларыңызға ақшаны жинауға қатысты лайфхактарды ұсынамыз. Қажетіңізге жаратыңыз! 💸

📎 Бір нәрсені сатып алмас бұрын үш сұраққа жауап беріңіз. Бұл ақша үнемдеуге көмектесетін қарапайым тәсіл.

1. Бұл қажеттілік пе әлде қалауым ба? 2. Қазіргі уақытта бұл зат маған керек пе?
3. Мұны қандай мақсатта қолданамын?

📎 Ақшаға жақсы ниетпен қараңыз. Мәселен, үй немесе көлік алуға, саяхаттауға, жаңа білім алуға деп жинағаныңыз жөн. Жақсылыққа жинаған ақшаның берекесі болады.

📎 Ақшаға деген негативті көзқарастан аулақ болыңыз. Өзіңіздегі қаражатқа қатысты блоктарды алып тастаңыз. “Ақша – қолдың кірі. Ақша мүлдем жетпейді, ақшам жоқ” деп ешқашан айтпаңыз. Мұндай оймен ақша жинай алмайсыз.

Сондықтан керісінше ақшаға қатысты жақсы пікірлер қалыптастырыңыз. Қазіргі тілмен айтқанда аффирмация жасаңыз. “Менде ақша көп”, “Ақша мені, мен ақшаны жақсы көремін”, “ Ақшамен қажеттіліктерімді орындап жүрмін” деген сөздерді күнде қайталап отырыңыз. Себебі адамның ойы міндетті түрде орындалады.

📎 Ниетіңіз ақшада емес, мақсатыңызда болсын. Көп адам ниетін ақшаға тәуелді етіп қояды. Бұл үлкен қателік. Егер нақты мақсатыңыз болса, онда сол жолдағы әрекетіңізге сай ақша өзі келеді. Мәселен, сіздің бір салада мықты маман боламын деген арманыңыз бар. Демек осы мақсатыңызды орындасаңыз, ақша күтпеген жерден өзі келеді.

📎 Ақшаға шектеу қоймаңыз. Нақтырақ айтсақ, маған осы суммадағы ақша жетеді деген теріс ойларға жол бермеңіз. Өйткені ақша әрдайым еркіндікті жақсы көреді. Оның көп болатынына сеніңіз. Ал егер артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Себебі ақшаны игі істерге жұмсаған сайын, ол көбейе береді.

📎 Ақшаға ұқыпты болыңыз. Жинақ сандықшаңыз әдемі болсын. Оған тек ұсақ тиындарды ғана емес, қағаз ақшаларды да салыңыз. Ойламаған жерден қоржыныңызға ақша түссе, бірден сандықшаға салып қойыңыз. Сонымен қатар ақшаны реттілігімен ұстауды үйреніңіз. Мыжып, қалтаңызға салып ұстамаңыз.

📎 Кіріс пен шығысты жазып жүріңіз. Табыс пен шығынды жазып отыру арқылы оның қандай мақсатта жұмсалып жатқанын біліп отырасыз.

Жазба саған пайдалы болды ма? 🤔