📌 Қыздар мен жігіттер, осы уақытқа дейін қаржылық сауаттылыққа байланысты пайдалы кеңестерді бөлісіп келеміз. Себебі қазіргі таңда заман ағымына қарай жеке бюджетті басқарудың қағидаларын білу маңызды.
Ендеше бүгінгі жазбада ақшаны сақтаудың тиімді жолдарымен бөлісеміз. 🔥
💸 Бүгінде көпшілігімізге ақшаны сақтаудың бірнеше жолы белгілі. Мәселен, үй жағдайында сандықшаға жинасаң, ал банкте депозит ашып, сақтай аласың. Сонымен қатар акция түрінде яки белгілі құнды зат ретінде жинайтындар да табылады. Ал статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді екен. Иә, ақшаны депозитте сақтау өте тиімді әдіс. Дегенмен осы тұста нені ескеру керек екенін білесің бе?
📌 Ақшаны депозитте сақтау арқылы оның саған қалай жұмыс жасап жатқанын аңғаруыңа болады. Бұл әдісті көп жағдайда ертеңгі күніне бей-жай қарамайтындар қолданып жатады. Өздерің білетіндей, тауарлар бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. Осы тұста, ақшаны үйде сақтасаң, ол инфляцияға ұшырайтынын ескеруің керек. Ал депозитте сақтау арқылы бұл кедергіні алдын аласың.
📌 Депозиттің тағы бір артықшылығына тоқталып өтейік. Мысалы, сен таңдаған банк Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, ол банкротқа ұшыраған жағдайда салған ақшаңды қайтарып ала аласың.
📌 Сондай-ақ мұнда тұрақты өсім болады. Нақтырақ айтсақ, депозит ашқан кезде бекітілген жылдық пайыз сақталады.
📌 Алайда қаржыны депозитке саларда ең бірінші банктің қаржы рейтингісіне қарап алғаның жөн.
📌 Ақшаны сақтау уақытына қарай депозит ұзақмерзімді және қысқамерзімді болып келеді. Аты айтып тұрғандай, қысқамерзімді депозиттің пайыздық мөлшері төмен болады. Сонымен бірге ақшаны қалаған уақытыңда айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндігің бар. Ал бұл ақша жинауға кедергісін келтіреді.
📌 Ұзақмерзімді депозиттің пайыздық мөлшері жоғары болады. Бір артықшылығы, белгіленген мерзімінен бұрын қаражатты шешіп алуға мүмкіндік болмайды.
📌 Ал енді “акция түрінде сақтауға бола ма?” деген сұраққа жауап берейік. Акцияларда тәуекел жоғары болатынын есіңнен шығарма. Себебі оның бағасы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырады. Сондықтан толыққанды ақпаратқа көз жеткізіп, сақтағаның дұрыс.
Ал сен ақшаны қалай және қайда сақтайсың?