📌 Шет тілін меңгеруде өзіңе ыңғайлы әдісті таңдау өте маңызды. Себебі адамдардың қабылдауы әртүрлі болып келеді. Мәселен, бірі тест тапсырмаларын орындау арқылы жылдам игерсе, енді бірі фильмдерді қарап меңгеріп жатады. Ендеше назарларыңа ТОП-5 қосымшаны ұсынамыз!
⠀
✔️Duolingo — тілді ойын түрінде үйренуге арналған мобильді қосымша. Бүгінде орыс тілін білетін пайдаланушылар қосымшадан ағылшын және неміс тілдерін оқи алады. Дайындық барысында испан, швед және француз тілдерін де қатар алып жүруіңе болады.
✔️FluentU — бейне көмегімен тілдерді үйренуге мүмкіндік беретін сайт. Тапсырмалар ретінде әртүрлі деңгейдегі нақты бейнелер ұсынылады. Мысалы, бейнеклиптер, фильм трейлерлері, жаңалықтар, қойылымдар және т.б. Сайтта испан, француз, неміс, жапон және ағылшын тілдері де қолжетімді.
⠀
✔️Conversation Exchange — бұл сайтта шетел адамдарымен сөйлесу арқылы тілді меңгере аласың. Нақтырақ айтсақ, сөйлесу дағдыңды өзге ұлт өкілдерінің тәжірибелі мамандарымен дамытып, олармен танысуыңа мүмкіндік бар.
⠀
✔️Memrise — мұнда есте сақтау ойындарының арқасында тілдерді үйрене аласың. Сондай-ақ бағдарламаның арнайы қосымшасы бар. Яғни, тіл меңгеру кез келген жерде қолжетімді. Қосымшада 50-ге жуық тіл бар.
✔️Busuu — суреттер мен тесттер ойын түрінде берілген ыңғайлы қосымша. Нақтырақ айтсақ, тілдерді қызығушылығыңа қарай үйренуіңе мүмкіндік бар. Қосымшада ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, португал, жапон, түрік, араб, поляк және қытай тілдері қолжетімді.
⠀
✔️Babbel — тізімде көрсетілген басқа қолданбалардан айырмашылығы, аталмыш қосымшада бастапқы және күрделі деңгейлер де берілген. Яғни, тек жаңадан бастаушыларға ғана емес, жалғастырушыларға да жарамды. Ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, португал, поляк, швед, норвег және дат тілдері бар.