😴 Ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. Мәселен, тым көп ұйықтаудың да ағзаға кері әсері бар. Нақтырақ айтсақ, 8 сағаттан артық ұйқы өмір сүру жасын қысқартады әрі адамды жиі күйзеліске ұшыратады.
📌 Ал ұйқының жетіспеушілігінен ағзаның қорғаныс күші азайып, жүйке жүйенің жұмысы нашарлайды. Сәйкесінше, ұмытшақтық пен зейінсіздікке тап болуың мүмкін.
📌 Дегенмен тарих беттеріне бойласақ, қоғамнан ойып тұрып орын алған тұлғалардың ұйқы режимі әртүрлі болғанын аңғаруға болады. Мысалы, Напалеон — 5 сағат ұйықтаған. Ал Эйнштейн 12 сағаттық ұйқыны жөн санаған. Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған. Ал бұл тәулігіне 1,5 сағаттық ұйқыны құрайды.
☝🏻Жас ерекшелігіне байланысты белгіленген ұйқы режимі бар. Сонымен адам тәулігіне неше сағат ұйықтауы керек?
🟢Жаңа туған нәрестелер күніне 18-20 сағатқа дейін ұйықтауы қажет.
🟢2-4 айында — 17-18 сағат;
🟢5-6 айында — 16 сағат;
🟢7-9 айында — 15 сағат;
🟢10-12 айында — 14 сағат;
🟢1 жастан 3 жасқа дейін — 13-14 сағат;
🟢Мектепке дейінгі жаста — 10-12 сағат;
🟢Мектеп жасындағылар — 9-10 сағ;
🟢Үлкендер мен жасөспірімдер — 8 сағат;