Адамдармен тез тіл табысудың ТОП- 15 жолы 

Автор: редактор 12 сентября, 2022


Адамдармен тез тіл табысудың ТОП- 15 жолы

🔺 Назарларыңызға американдық оратор-мотиватор Дейл Карнегидің аталмыш тақырып аясында айтқан кеңестерін ұсынамыз!

☑️ Әңгімелесушіңіздің өзі туралы айтып жатқанын аса қызығушылықпен тыңдап, оған ұзақ сөйлеуге мүмкіндік беріңіз;

☑️ Әңгімені мақтаудан бастаңыз;

☑️ Бастапқы сәттен-ақ, достық ниет білдіріңіз;

☑️ Өзгелерге қызыға біліңіз.
Сынамаңыз, айыптамаңыз, шағымданбаңыз;

☑️ Адам үшін оның өз есімі – кез келген тілде ең керемет, ең жағымды дыбыс екенін есте сақтаңыз;

☑️ Жаныңыздағы адамның пікіріне сыйластықпен қараңыз. Ешқашан оның ойын жоққа шығармаңыз;

☑️ Әңгімелесу кезіндегі уақыттың көп бөлігінде жаныңыздағы адамның сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз;

☑️ Жағдайға өзгелердің де көзқарасымен қарауға тырысыңыз;

☑️ Өз ойыңызды әсерлі етіп жеткізіңіз.

☑️ Әрқашан бірінші қадам жасауға дайын болыңыз;

☑️ Басқалардың қателігін жанамалап жеткізе біліңіз;

☑️ Өзгелердің өзін ақтауына мүмкіндік беріп көріңіз;

☑️ Басқалардың кішкене болса да жеткен жетістігін мақтап, әр ісін құптап отырыңыз;

☑️ Жаныңыздағы адам өзінің маңыздылығын ұғынуына шынайы ниет танытыңыз;

☑️ Сізбен әңгімелескен адам өзінің пікірі расымен құнды екенін түсінуі керек.