Алматы төңірегінде көпшілік назарына ілігіп, үрей туғызған тылсым мекендер саны аз емес. 👀
#Үйдежатпа солардың арасынан құпияға толы ТОП-4 мистикалық орынды ұсынады.👇🏻
⚫️ Ұлы Отан соғысы ардагерлері госпиталі ғимараты
1940 жылдың аяғында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге арнап госпиталь салынған. Ал кейін бұл ғимаратта Ауғанстан ардагерлері ем қабылдайды. Алайда мұнда үлкен жер сілкінісі орын алады. Осылайша, ғимараттың шатыры құлап, жарамсыз болып қалған. Госпиталь ішінде қалған заттарға қарап, адамдардың бір нәрседен асығыс қашқанын байқауға болады.
Бүгінде бұл қорқынышты мекендердің қатарына кіреді. Ғимарат ішінен түрлі дыбыстарды естіп, елестерді көрген адамдардың қарасы көп. Аурасы нашар аталмыш орын көпшіліктің зәресін алады.😲
⚫️ «Қазақстан» кинотеатры
Білетіндер бұрын кинотеатрдың астында адамдар кіріп-шыға беретін жерасты жолы болғанын алға тартады. Ал сталкерлер мұнда құрылыс кезінде қайтыс болған адамдардың елесі жүретінін айтады. Кинотеатрда жұмыс істейтін қызметкерлер төменнен адамның жүрген дыбысын жиі естиміз дейді. Түнгі кезекшілікке қалған күзетшілер кинотеатр ішінен орындықта отырған адамдардың елесін де көріпті.🤔
⚫️ 28 гвардияшы-панфиловшы саябағы
Саябақтың тарихы тереңде жатыр. Себебі Верныйдың іргесі қаланып жатқан тұста бұл жерде станица зираты болған. Кейін молаларды сел шайып кеткен. Дегенмен Вознесение соборы маңында бірнеше мола қалған. Ертеде көне шіркеулер жерасты жолымен бірге салынатын болған. Сондықтан сейсмикалық ахуалы тұрақсыз өңірлердің қуысты орындарына жер сілкінісінен хабар беретін қоңырау орнатылатын болған. Саябақ аумағында сондай құпия қуыс сақталуы мүмкін.
Бүгінде парк аумағында жердің астынан қоңырау үнін естігендер бар. Сонымен қатар саябақ төңірегінен елес көргендердің де қарасы көп.🛎
⚫️ Алматы-Қапшағай тас жолы
Көпшіліктің айтуынша, жолдың астында бұрын мазар болған. Сол себепті аталмыш мекен елестер жолы деп те аталады. Тіпті, түн ортасында қыздың аруағын көретіндер жиі кездеседі. Ол көлік тоқтатып тұрады-мыс. Сол себепті жүргізушілер жолай адам алып кетпеуге тырысады. 🚦