Алматы маңайындағы ТОП-5 көрікті орын

Автор: редактор 31 марта, 2022


🟢 Есік көлі

Есік Алматының шығыс тұсында шамамен қаладан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзен теңіз деңгейінен 1760 метр жоғарыда орналасқан. Ол Іле-Алатауларының Есік шатқалын бойлай ағуда.

Бұл мекенге ат басын тірейтін болсаң қорық, «Кремлевская стена» мен «Алтын адам» табылған қорғанды көре аласың.

Бұл жерге жеке көлікпен немесе арнайы экскурсиялық автобуспен де жете аласың. Соңғы жылдары көліктер көлге дейін жетпей тоқтайтын болған. Бұл су жағасының қоқыстан едәуір тазаруына бірден бір себеп болды. Жолға шамамен 1 сағат және 40 минут кетеді.

🟢 Шарын шатқалы

Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Шарынды Американың аты әйгілі Гранд шатқалының кішірейтілген көшірмесі деп те атайды. Шарынның бұл аумақта пайда болғанына 12 млн жылдан астам уақыт болған.

Мұнда жеке немесе туристік автобуспен бара аоасың.

Жолға кететін уақыт: 3 сағат және 50 минут.

🟢 Көлсай

Көлсай көлдері – Алматы облысындағы ең танымал туристік орындардың бірі. Көлдер жүйесі Жоғарғы, Орта, Төменгі Көлсай көлдерін біріктіреді.

Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалымен жалғасады.

Бұл жерге 2-3 күн демалып қайтуға болады. Себебі Көлсай маңына жақын Саты ауылында арнайы үйлер бар. Тек орналасу үшін туристік фирмалар арқылы алдын ала тапсырыс бергенің жөн.

🟢 Қайыңды көлі

Қазақстанның тамаша табиғаты көрініс тапқан мекендердің қатарында Қайыңды көлі де бар. Көлсай көлдерінің жүйесіне кіретін бұл айдын ну орманмен қоршалған.
Қайыңды көлі 1910 жылдары болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған.
Қайыңды көл суының алуан түрлі ауруға шипасы бар.

Көл Алматыдан 288 шақырым жерде, Күнгей-Алатау шатқалында орналасқан. Жол уақыты 5-7 сағатты алады.

🟢 Бархан

Алматының тағы бір ең таңғажайып жері — ән салатын Бархан. Бұл мекен Қазақстанның 7 кереметіне жатады және ұлттық көрікті орындардың бірі. Бархан Алтын- Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ішінде орналасқан.

Мұнда жел тұрса, сырнай үні шығады. Сонымен қатар келетін болсаң, ән салатын Барханмен қатар, Іле өзенін әрі Жоңғар Алатауын көруге мүмкіндік бар.