Анджелина Джоли әлемдік даңққа қалай қол жеткізді?

Автор: редактор 22 января, 2024


Анджелина Джоли әлемдік даңққа қалай қол жеткізді?

🎬 Америкалық актриса, сценарист, режиссер әрі продюсер Анджелина Джоли — әлемдегі ең ықпалды әйелдердің бірі. Оның ерекше сұлулығы кез келген жанды баурап алады. Ал оның өмірлік ұстанымы көпке үлгі. Бірақ өнер иесі әлемдік даңққа жету жолында қандай кедергілерді еңсерді?

Жас қыздың жолы бірден болып кеткен жоқ. Анджелинаның актриса ретінде мансабы туа бітті қабілеті арқылы кішкентайынан басталған сыңайлы. Себебі ол актер Маршелин Бертран мен Джон Войттың отбасында дүниеге келді. Бірақ бала кезінде оның арманы мүлдем басқа еді. Актриса өзінің жерлеу қызметін көрсететін бюросы болғанын қалады. Осылайша жерлеу рәсімдерін ұйымдастырғысы келді.

🎞️ Өз сұхбаттарында Джоли актриса ретінде қалыптасуына анасы әсер еткенін атап өтеді.

Кішкентай Энджи бір жасқа толғанда әкесі басқа әйелге ғашық болып, ата-анасы ажырасады. Нәтижесінде, отбасымен Нью-Йоркке көшеді.

🎞️ Маршелин балаларының болашағы үшін актерлік жолын құрбан етіп, бар уақытын оларды тәрбиелеуге арнады. Бұл үлкен рөл атқарды. Өйткені өзінің киноға деген сүйіспеншілігін балаларына берді. Айтпақшы, Анджелинаның ағасы Джеймс Хейвен — киноактер.
Оның әкесімен қарым-қатынасы нашар болды. Сондықтан ол қызын “В поисках выхода” фильміне түсуге шақырады. Ақшаның жетіспеушілігіне байланысты актрисада басқа таңдау болмайды. Бұл туындыда Энджи өзінің алғашқы эпизодтық рөлін алады.

🗽Анджелина 11 жасында отбасымен Лос-Анджелеске оралады. Ол эксцентрик мінезімен жұртшылықты таң қалдырғанды ​​ұнататын. Өнер иесі анасына үнемі өзінің жерлеу орталығын ашуды армандайтынын айтатын. Осыдан кейін Маршелин оны мектеп психологтары мен психотерапевттеріне емдеуге жібереді.

Оны мектепте де қиындықтар күтіп тұрды. Джоли басқалардан ерекшеленді. Джоли Беверли -Хиллзді жек көрді. Өйткені оның құрдастары үлпілдек еріні үшін мазақ етті. Бірақ бұл көп ұзамай оның ерекше тұсына айналды.
14 жасында ол есірткінің барлық түрін қолданып көреді.

📌Анасының құрбысы әрі актриса Кис Рандл Энджиді жас кезінен білетінін айтады: “Ол жабайы бала болды. Бірақ уақыт өте келе оның таланты үлкен күшке айналатынын білдім” — дейді.

14 жасында оның өмірі күрт өзгеріп, айы оңынан туады. Америка мен Англиядағы модельдік агенттіктер Анджелинаны келіссөз жүргізуге шақырады. Ол музыкалық бейнебаяндарға түсіп, атақты сәнгерлер мен фотографтардың қошеметіне ие болады. Сонымен бірге Анджелина кино мектебінде оқып жүргенде ағасының бірнеше эксперименттік фильмдерінде ойнады. Бұл оның актерлік мансабының алғашқы кезеңі болды. Дегенмен бұл фильмдер актрисаның ресми фильмографиясына енгізілмеген.
Актрисаның нағыз серпілісі “Джордж Уоллес” фильміндегі рөлі болды. Ол Эмми сыйлығына ұсынылып, “Алтын глобус” марапатын жеңіп алды.

🏆 1999 жылдың бір күнінде Джоли нағыз Голливуд жұлдызы болып оянды. Ол “Прерванная жизнь” фильміндегі рольі үшін “Оскар” және “Алтын глобус” сыйлығына ие болды.

«Лара Крофт — Томб Райдер» фильмінде басты рөлді сомдаған Анджелина миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулап алды, бұл оның танымалдылығын арттырды.

2005 жылы “Мистер және Миссис Смит” фильмі үлкен экранда жарық көргенде ол басты кейіпкердің рөлін сомдаған экшн комедиясында керемет атаққа ие болды.

Сол кезден бері актрисаның есімі брендке айналды.

📌 Анджелина Джоли — жан-жақты адам. Оның өмірін фильмдер түсіру арқылы ғана сипаттауға болмайды. Актриса гуманитарлық қызметпен де айналысады. Үшінші әлем елдерінде не болып жатқанын өз көзімен көрген ол БҰҰ-ның ізгі ниетті елшісі болды және қоршаған ортаны қорғау және балаларға көмектесумен айналысатын бірнеше қайырымдылық қорын құрды. Тіпті ол үш баланы асырап алған.

Бір қызығы, актриса жарнама агенттерінің немесе менеджерлердің қызметтерін пайдаланбайды. Instagram желісін де жүргізбейді.

Анджелина — миллиондаған әйелге шабыт сыйлады. Оның сұлулығы, ақылы мен даналығы ешкімді бей-жай қалдыра алмайды.