“Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы – әрдайым жаңа нәрседе қателесу” – Илон Масктың табысқа жету қағидалары
👤“Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол оны міндетті түрде істейді”, – дейді Илон Маск. Бұл сөздерімен ол мүмкіндіктер шектеулі болған жағдайда да, табысқа жетудің басты шарты – табандылық пен өз ісіне деген сенім екенін меңзейді.
📍Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Масктың қазіргі қаржылай жағдайы – қажырлы еңбектің, стратегиялық ойлаудың және үздіксіз ізденістің нәтижесі. Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы кәсіпкер ешқашан қол қусырып қарап отырған емес. Ол салық төлеу бойынша тарихтағы ең ірі жеке төлемді жасаса да, қаржылай қиындыққа ұшырамады. Өйткені оның байлығы жыл сайын еселеніп келеді.
Біз бүгін Илон Масктың өмірлік қағидалары мен оның табысқа жетуіне көмектесетін нақыл сөздерін ұсынамыз.
1️⃣ Өмірді өзгерту үшін – 6 ай
“Өзіңізге 6 ай уақыт беріңіз. Егер өміріңізді өзгертуге шындап ниеттенсеңіз, 6 ай бойы бір нәрсені жүйелі түрде жасаңыз. Нәтижесін көретініңізге кепілдік беремін. Егер сіз бас тартсаңыз, демек оны қаламайсыз.”
Көп адамдар өз жұмысына қанағаттанбай, аз жалақыға өмір сүріп жатыр. Олар үшін маңыздысы – ақша табу емес, өзіне қуаныш сыйлайтын, шабыт беретін іспен айналысу. Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, алты ай бойы бір бағытта тұрақты түрде жұмыс істеп көріңіз. Бастысы – тоқтап қалмау.
2️⃣ Қиындықтарға қарамастан, әрекет ету
“Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол оны міндетті түрде істейді. Тіпті мүмкіндік болмаса да”.
Табысқа жету жолында сізге сенбейтін, тіпті мазақ ететін адамдар табылады. Бірақ егер сіз үшін бұл іс маңызды болса, ешкімнің пікіріне тәуелді болмаңыз. Тек алға жылжыңыз, табандылық танытыңыз.
3️⃣ Дұрыс сұрақ қою – табысқа бастар жол
“Ең қиын нәрсе – дұрыс сұрақтар қою. Мұны тапқаннан кейін, қалғанының бәрі өте оңай”.
Көпшілігіміз жауап іздейміз, бірақ дұрыс қойылған сұрақ – шешімнің жартысы. Егер сіз мәселені басқа қырынан қарасаңыз, жаңаша ойлап, тиімді шешім таба аласыз.
4️⃣ Табысты болу – тынымсыз еңбектену
“Егер сізде миллиондаған доллар болса, бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Бірақ мен жұмыс істеуді тоқтатпаймын. Күн сайын, тіпті демалыс күндері де еңбектенемін.”
Нағыз жетістік – сүйікті ісіңмен айналысу. Ақша жеткілікті болған жағдайда да, табысты адам өз ісін жалғастыра береді. Өйткені бұл оған шабыт сыйлайды, өмірінің мәніне айналады.
5️⃣ Қателіктерден қорықпау
“Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы – әрдайым жаңа нәрседе қателесу.”
Кез келген жетістік – қателіктер мен сәтсіздіктерден тұрады. Маңыздысы – сол қателіктерді қайталамау және әр тәжірибеден сабақ алу.
6️⃣ Өзіңді үнемі жетілдіру
“Өзіңізден кері байланыс алу өте маңызды: не істеп жатқаныңызды және оны қалай жақсартуға болатынын үнемі ойлану қажет.”
Егер өз ісіңізді дамытқыңыз келсе, үнемі жетілдіруге ұмтылыңыз. Ойларыңызды саралап, “Бәрі дұрыс, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ” деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені дамуды тоқтату – артта қалумен тең.
📌 Қорытынды
Илон Масктың өмірлік қағидалары – табысқа жетудің нақты жолдары. Ол өзінің қажырлы еңбегі, батылдығы және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы арқылы әлемге әйгілі кәсіпкер атанды. Егер сіз де жетістікке жеткіңіз келсе, жоғарыда айтылған қағидаларды өміріңізде қолдануға тырысыңыз. Бастысы – арманыңызға сену және ешқашан тоқтамау.