Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қандай жеңілдіктер жасалады?

Автор: редактор 18 апреля, 2024


Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қандай жеңілдіктер жасалады?

📌 Соңғы уақытта елде орын алған төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан зардап шеккендерге түрлі көмек көрсетілетіні әрі бірқатар жеңілдік жасалатыны айтылып жатыр. Бүгін осы тақырыпқа тоқталып өтеміз.

📝 Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енді.

Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.

Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:

1️⃣ төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;

2️⃣ 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;

3️⃣ мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады;

4️⃣ орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Бұдан өзге, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық тексерулер) тоқтатылды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру және талап қою мерзімдеріне енгізілмейді.