Қазақстандағы ТОП-3 бизнес-тренд

Автор: редактор 15 сентября, 2022


Қазақстандағы ТОП-3 бизнес-тренд

Әр кезеңнің өз бизнесі болады. Қазіргі нарық қандай бизнес-идеяларды туғызып отыр? Назарларыңызға үздік бизнес-бағыттардың үштігін ұсынамыз.

1️⃣ Ақпараттық бизнес
Қазір интернет арқылы пайдалы кеңес пен қажетті ақпараты бар контент жасай отырып та, ақша табуға болады. Бизнестің бұл түрі жан-жақты жүргізіледі.

Мысалы:
▪️тренингтер, семинарлар мен курстар өткізу;
▪️көпшілікті қызықтыра алатындай YouTube-канал ашу;
▪️танымдық, ақпараттық немесе кәсіптік сайт ашу;
▪️Instagram-парақшасында қызық блог жүргізу;
▪️жарнама қызметі

Бұл бизнес көп қаражатты қажет етпейді. Тек біліміңіз бен идеяңыз маңызды роль атқарады. Идеяңыз пайдалы болса, кәсібіңіз де нәтижелі болады.

2️⃣ Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес

Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес — тұрақты және нақты табыс әкелетін жаңа кәсіп түрі. Бұл кәсіп күнделікті жүргізіліп отырады.

Мысалы:
▪️адамның жүрген қадамы мен жоғалтқан калорияларын есептеуге арналған құралдарды сату;
▪️спортшыларға арналған тамақ өнімдерін дайындау;
▪️арнайы мәзірдегі диеталық тағамдарды жұмыс орнына жеткізу;
▪️арнайы коктейльдерді дайындау және сату;
▪️салауатты өмір салты бойынша дәрістер өткізу;
▪️клиенттің физикалық пішінін ескере отырып, жеке тамақтану бағдарламаларын жасау (салмақ тастау немесе салмақ қосу).
▪️фитнес-зал ашу;

3️⃣ Интернет-дүкен

Адамдардың көбі сыртқа шығып жүргеннен гөрі қалаған тауарын интернет арқылы алғанды жөн көреді. Интернет-дүкен ашатын болсаңыз, сізге тауар сататын орын немесе дүкен қажет болмайды. Үйіңізде отырып-ақ, кәсібіңізді жүргізесіз. Тек сатылымдағы тауардың жарнамасы жақсы жүргізілуі керек және интернет-дүкенде тауарларыңызды сақтайтын қойма қажет. Сонымен қатар саудаланатын тауардың сапасы мен нарықтағы бағасына да ұдайы мән беру қажет.