Қазақтан шыққан тұңғыш әйелдер туралы не білеміз?

Автор: редактор 08 Наурыз, 2023


1️⃣ Гүлсім Сейітжафарқызы Асфендиарова – жоғары білімді бірінші қазақ дәрігер-әйел, Түркістан өлкесіндегі денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушы, медик-педагог.

Сонымен қатар Қазандағы Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің Түркістандағы делегаты, Ресей мұсылмандарын ұйымдастырудың Уақытша орталық бюросының мүшесі.

2️⃣ Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова — тұңғыш кәсіби суретші, қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстанның халық суретшісі. «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.

3️⃣ Хұсни-Жамал Зұлқарнайынқызы Нұралыханова — қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш мұғалім, Бөкей Ордасында қазақ қыздарына арнап мектеп ашқан.

4️⃣ Күләш Жасынқызы Бәйсейітова — қазақтың тұңғыш опера әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

5️⃣ Хиуаз Қайырқызы Доспанова — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

6️⃣ Аққағаз Досжанова – қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы әрі тұңғыш журналист.

Медицина тақырыбындағы еңбектерінен тыс, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» атты әлеуметтік, жалпыұлттық тақырыптарда мақалалар жариялайды. Осы мақалаларынан оның саяси ұстанымын, ұлтшыл бағытын, адами тұлғасын тануға болады.

7️⃣ Балжан Бөлтірікова 1921 жылы 15 қарашадан бастап 1998 жылғы 11 мамырға дейінгі өмірі, Қазақ КСР-інде дипломатиялық корпус құруға көмектескен қазақ-кеңестік оқытушы және мемлекет қайраткері. Ол БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына қатысқан алғашқы қазақстандық дипломат және сыртқы істер министрі болды. Ол көптеген медальдар мен наградалармен марапатталған, оның ішінде “Құрмет белгісі” ордені және Еңбек Қызыл Ту орденін атап өтуге болады.

8️⃣ Мәдина Қожбанқызы Бегалиева – тұңғыш инженер-металлург, қоғам және мемлекет қайраткері, ұстаз. Бұрынғы Бөкей Ордасы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген.

9️⃣ Нұрсұлу Тапалова – қазақтан шыққан тұңғыш балерина. Ол Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүние келген. Балерина 24 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі деген атаққа ие болды.

🔟 Шара Жиенқұлова – қазақтан шыққан тұңғыш биші. Ол 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі оның – Гүлшара.