🟢 Бірінші хан — Керей хан Болатұлы (1465-1473)
🟢Бірінші ойшыл — Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV — XV ғ.ғ.)
🟢Бірінші заң шығарушы — Қасым хан Жәнібекұлы (1455 — 1523/1524).
Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы — Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)
🟢Бірінші дәрігер — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492).
Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.
🟢Бірінші шешен — Жиренше шешен (XV ғ.)
🟢Бірінші заң шығарушы — Қасым хан Жәнібекұлы (1455 — 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!
Бірінші тарихшы — Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)
🟢Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы — Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)
🟢Ұлы жүздің бірінші ханы — Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)
🟢Орта жүздін бірінші ханы — Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)
🟢Кіші жүздің бірінші ханы — Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)
Бірінші батыр қыз — Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)
🟢Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы — Сырым батыр Датұлы (1783-1797)
🟢Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан — Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)
🟢Бірінші зерттеуші-ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)
Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы — Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
🟢Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы — Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
🟢Жоғары білім алған алғашқы қазақ — Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)
Екі жоғары білім алған бірінші қазақ — Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)
🟢Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы — Әліби Жангелдин (1884-1953)
🟢Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы — Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)
🟢Бірінші журналист — Нәзипа Құлжанова (1887-1933)
🟢Бірінші елші, дипломат — Нәзір Төреқұлов (1892-1938)
🟢Бірінші режиссер — Жұмат Шанин (1892-1938)
🟢Бірінші әйел-мұғалім — Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)
🟢Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым — Қаныш Сәтбаев (1899-1964)
🟢Алғашқы суретші Шоқан Уәлиханов, 🟢Ал тұңғыш кәсіби суретші — Әбілхан Қастеев (1904-1973)
🟢Тұңғыш кәсіби мүсінші — Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)
🟢Бірінші әйел-дәрігерлер — Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)
🟢Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы — Мұхамеджан Сералин («Айқап», 1911-1915 ж.ж.)
🟢Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ — Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)
Роман жазған тұңғыш қазақ — Міржақып Дулатов («Бақытсыз Жамал», 1910 ж.)
🟢Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған — Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)
🟢Бірінші биші — Шара Жиенқұлова (1912-1990)
🟢Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі — Әлихан Бөкейхан (1917-1920)
🟢Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған — Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)
🟢Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі — Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)
Бірінші ұшқыш — Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)
🟢Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты — Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)