✔Жетістікке жету үшін сенің тек кәсіби біліктілігің аздық етеді. Осы тұста көкейіңде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі XXI ғасыр күтпеген өзгерістерге толы.✅
⠀
👾 Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын.☝ Ал мұндай жағдайда адамдар SOFT SKILLS дағдысын дамытып, жасанды интеллектпен бәсекеге түсе алады.
⠀
Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?
⠀
Сендерге түсінікті болуы үшін «4 C» дағдысын тізбектеп шығайық.
⠀
📌 1. Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сен кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласың.
⠀
Осылайша өз бетіңше қорытынды шығарып үйренесің. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесің.
⠀
📌 2. Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.
⠀
📌 3. Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты. Алайда бұл кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.
⠀
📌 4. Communication – коммуникация. Қазір барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да кез келген адаммен келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.
⠀
🔴 XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сенің де қолыңнан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңді әрдайым шыңдап отыруың қажет.