Бір күнде бірнеше іске қалай үлгеруге болады? 

Автор: редактор 05 Қыркүйек, 2022


Мұхтар Әуезовтің «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, содан соң – күш керек, содан соң – тәртіп керек» деген ой саларлық нақыл сөзі бар. Сондықтан ең алдымен ниетіңді түзеп, шын жүрегіңмен әрекет ет. Ниетіңе байланысты несібеңнің берілетінін есіңнен шығарма.

🟢 Нақты мақсат қой. Егер мақсатың болса, әрекет те болады. Ал әрекетің жүйелі болуы үшін тәртіп керек.

Бұл мақсаттарыңды арнайы қойын дәптер бастап, жазып қой. Мақсат саны көп болып кетпесін. Себебі саны көп болғанымен, оның орындалу ықтималдығы төмен болады. Осылайша сапасы жоғалады.

🟢 Үшінші әрекет – жоспарлау. Нақты мақсаттарыңның уақытын жоспарла. Кесте құрып, оның уақытын белгіле. Сонымен бірге әрқайсысына 1-1,5 сағатыңды арна. Бұл жерде “Помидор” әдісін қолдануыңа болады. Яғни, 1 сағат жұмыс істеп, 10 минут үзіліс жасайсың. Осылайша уақытыңды үнемдеуге болады.

📌Жоспарлау – уақытты басқарудың ең маңызды бөлігі. Бұл сіздің жауапкершілігіңізді арттырады. Ол үшін арнайы күнделік, стикерлерді жапсырып қоюға арналған тақта немесе электронды нұсқаулықтан Trello мен maind map бағдарламаларын пайдалануға болады.

🟢 Медитация жасаңыз. Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз және сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.


✅Сонымен қатар уақытты тиімді басқаруда Эйзенхауэр матрицасын қолданыңыз.

📌Бұл осы әдісті ойлап тапқан АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің есімімен байланысты. Ел басқарушысының мойнына көптеген тапсырма жүктелгендіктен, оларды белгіленген санаттарға бөледі.

1️⃣Жедел және маңызды тапсырмалар.

2️⃣Маңызды, бірақ жедел емес.

3️⃣Жедел, дегенмен маңызды емес тапсырмалар.

4️⃣Маңызды емес әрі жедел емес тапсырмалар.

🔹Яғни, ақ парақты төртке бөліп жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша іріктеп жазып шығыңыз.

Бұл әдіс бойынша алдымен бірінші санатқа жататын шұғыл әрі маңызды тапсырмаларды орындайсыз. Себебі бұл жоспар сіздің бір күндегі маңызды істеріңіз. Сондықтан кейінге қалдыруға болмайды.

Ал маңызды, бірақ жедел емес тапсырмаларды өзіңіздің ыңғайыңызға қарай орындайсыз.

Шұғыл, дегенмен маңызды емес тапсырмаларға көп энергия жұмсамаңыз. Мүмкіндік болса, басқа адамға беруге тырысыңыз.

Шұғыл емес және маңызды емес тапсырмаларға мүлдем басыңызды ауыртпаңыз. Оларды тізімнен сызып тастауыңызға болады.