Бір сәттік эмоцияны қалай алдын алуға болады? 

Автор: редактор 01 Тамыз, 2022


Бір сәттік эмоцияны қалай алдын алуға болады?

📍Көп адам қандайда бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты көрсеткен бір сәттік эмоциясына өкініп жатады.
Сондықтан абайсыз айтылған сөз, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін арнайы амалдар қарастырылған.

📍Солардың бірі тыныс алумен байланысты. Себебі, эмоционалдық іс-әрекеттер тек баста «туындамайды», қызу реніш үстінде қанда түрлі гормондар арпалысып жатады, жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Эмоцияның физикалық білінуін бақылауға ала алсаңыз, ашу, үрей, қозу, абыржуды тоқтата аласыз.

📍Терең тыныс алыңыз, кейін баяу деміңізді шығарыңыз. Тыныс алуды 5 секундқа кідіртіңіз де, диафрагма арқылы  баяу дем алыңыз. Кеудеңіз ауаға толған соң 20-ға дейін санап, баяу деміңізді шығарыңыз. Жағымсыз эмоцияларды тоқтату үшін әр дем шығарған сайын олардың денеңізден тізбектеліп шығып жатқанын елестетіңіз.

📍Үрей – тез тыныс алып, баяу дем шығарумен байланысты, ашу – дірілдеген тыныс алу және шығарумен білінеді, ал қуаныш пен тыныштықта адам баяу және еркін дем алады.

📍Бастысы, ашу, ыза, реніш, қызулықты әдепті түрде шығаруға тырысыңыз. Сізді түсінетін досыңызға хабарласып, оқиғаның мән-жайын баяндаңыз. Бұдан бөлек, физикалық жаттығулар арқылы да эмоцияны шығаруға болады. Тіпті әуеннің ырғағымен секіріп билеп, айқайлап алу да көмектеседі. «Көз жасына ерік бер» деген кеңес те жарайды.

Ал, сіз бір сәттік эмоцияңызды болдырмау үшін қандай шаралар қолданасыз?