Брэд Питт: Жасым ұлғайған сайын уақыттың өткінші екенін түсініп келемін

Автор: редактор 19 Сәуір, 2023


◾️ Уильям Брэдли Питт, Брэд Питт есімімен танымал – американдық актер және продюсер. 1995 жылы “Он екі маймыл” фильміндегі рөлі арқылы “Алтын глобус” сыйлығының иегері атанды. 2014 жылы «12 жыл құл» фильмінің продюсері ретінде «Оскар» марапатының салтанатты рәсімде «Үздік фильм» номинациясының жеңімпазы болды. Бұған дейін төрт мәрте үш рет актер және бір рет продюсер ретінде Оскар сыйлығына үміткер болған.

Бүгін назарларыңызға танымал өнер иесінің өмірден түйген нақыл сөздерін ұсынамыз.🔥

✔️Жасым ұлғайған сайын уақыттың қалай өткінші екенін түсініп келемін. Сондықтан оны бос нәрсемен өткізгім келмейді. Яғни, өзім жақсы көретін адамдармен уақыт өткізіп, шын мәнінде құндылығы мен мән-мағынасы бар істермен айналысқым келеді

✔️Отбасы – адам үшін алаңдаушылық туғызбайтын, әлемдегі ең қауіпсіз орынға айналуы тиіс.

✔️Жалғыздық – бұл сыртқа шығып, жалғыз серуендеу. Жалғыздық – бұл қоқыс төгуге жалғыз шығатын сәт. Өйткені оны сізден басқа шығаратын ешкім жоқ.

✔️Мен тибет монахтарынан адамның басына түсетін ең қорқынышты үш нәрсені білдім. Бұл – сұлулық, атақ-даңқ және байлық.

✔️Бір күні бәріміз бір-бірімізден ажыраймыз. Балалардан, жақсы көретін адамдарымыздан… Расында, мен өлімнен өле өлгенше қорқамын. Бірақ өмірден қорықпаймын.

✔️Мен мотоцикл айдағанда еркіндіктің рахатын сезінемін. Себебі бағдаршамда біреудің көлігінің жанында тұрып, олардың радиодан не тыңдап жатқанын естимін. Ал осы сәтте мен бас киім астында өз-өзіммен бола аламын.

✔️Әке болу – өмірімдегі ең жақсы нәрсе. Бұл жауапкершлік адамның көзқарасын өзгертеді. Иә, сіз кітап жаза аласыз, фильм түсіре аласыз, сурет сала аласыз. Алайда балалар үшін әкелік рольді атқару – мен жасаған ең ерекше нәрсе.

✔️Кішкентай сәбиіңіздің күлкісін есту – өмірдегі ең бақытты сәт. Бұл – үлкен ләззат алуға әсер етеді.

✔️Мен енді өзімді актер деп санамаймын. Себебі түсірілімге аз уақытым мен назарымды арнаймын. Кино маған керемет эмоциялар алудың арзан әдісі болып көрінеді. Ал бұл әдіс енді жұмыс істемейді. Әсіресе, сіз әке атансаңыз.