Чехияда оқу құны қанша тұрады?

Автор: редактор 28 апреля, 2022


🇨🇿 Чехияда оқу орыс тілді студенттер арасында өте танымал. Мұнда оқу ақысы тиімді әрі сапалы білім алуға мүмкіндік бар. Бұл елге ат басын тіреген кез келген студент өзін жайлы сезіне алады. Чехия білім беру жүйесі бойынша Шығыс Еуропаның басқа елдерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Әсіресе, инженерлік мамандықтарға басымдық беріледі.

📍Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін талап оқу тіліне байланысты қойылады. Чех тілінде оқығысы келген студенттер екі емтихан тапсырады. Нақтырақ айтсақ, тілдік және профильдік. Ағылшын тіліндегі бағдарламаларға қосымша қабылдау сынақтары жоқ. Тек IELTS жеткілікті болады.

💵 Ағылшын тілінде оқу бағасы — бакалавриат студенттері үшін жылына 2,701-9,722$ құрайды. Алайда таңдаған университеті мен бағдарламаға байланысты құны айтарлықтай өзгереді. Ал тегін білім алғың келсе, университетті чех тілінде оқуға міндеттісің. Жекеменшік университеттердегі жылдық баға 10,803 доллардан басталады.

📌Тіл курстары — университеттерде чех тілінде тегін оқудың ең тиімді тәсілі. Курстар бір жылға созылады. Бағасы шамамен 5,401 долларды құрайды.

✔️ Чехияға виза алу үшін шотыңда 4,321-5,401$ болуы қажет. Алайда мүмкіндік болса консулдыққа өтінішіңді ертерек тапсырғаның жөн. Себебі өтініш берушілер санына байланысты қабылдауға жазылу кезегі бірнеше айға созылуы мүмкін.

Шетелдік студенттер тоғыз ай жұмыс іздеу мақсатында ұзақ мерзімді рұқсат қағаз ала алады. Оны ұзарту мүмкін емес. Бірақ жұмысқа орналасқан жағдайда оны қызметкер картасына айырбастауға болады.