Дұрыс сын айтудың 6 жолы

Автор: редактор 28 ноября, 2022


📍Конструктивті сын — адамның кемшіліктерін оның дамуы мен жетістікке жету мақсатында көрсетіп, жанашырлықпен бағыт-бағдар беру, кеңес айту.

📌Конструктивті сынның басты ерекшелігі — бұл жеке адамды айыптау емес, ол жеке тұлғаның кемшіліктерін көрсететін объективті бағалау.

☝️Сауатты сын айту үшін:

✔️ Бірінші адамға сын айтпас бұрын ол жанмен жақын байланыс орнатып, достық қарым-қатынас құру қажет;

✔️ Өздеріңіз білетіндей, адамға өзгелерден сын, ескертпе естуден қарағанда өз-өзіне баға беріп, кемшілігін, алдымен, өзі байқап, түзеткені дұрыс.

Сондықтан кеңес берместен бұрын, ол адамның өзі жайлы, қазіргі жағдай туралы ойын біліңіз;
✔️ Шынайылық. Иә, бұл қасиеттің адам бойынан табылуы әрқашан өзектілігін жойған емес. Сондықтан екінші бір адамға жанашырлық танытып, қол ұшын беруге тырысу;

✔️ Нақты кемшілікті байқасаңыз, қандай қателікпен қалай жұмыс жасау керектігін айтыңыз. Мәселен, дауысы ақырын шықса, нешінші дауыста сөйлеу керектігін, сонымен бірге жест пен мимикамен жұмыс жасау қажеттігін ескертіңіз;

✔️ Және ең бастысы, айтар пікіріңізді қысқа-нұсқа жеткізіңіз;

✔️ Бұған қоса, соңынан кеңес берген адамнан нақты қай кеңесіңізге құлақ түріп, нәтиже шығаратынын сұраңыз!