Демалыс күнді дұрыс өткізуге арналған 7 лайфках

Автор: редактор 04 Наурыз, 2022


☘️Жексенбілік демалысты қалай өнімді өткізуге болады? Иә, бұл көптің көкейінде жүрген сұрақ. Себебі қарапайым бір күндік демалысын үй жұмысына қала берді қонақ күтуге арнайтындар жетіп артылады. Өкінішке қарай, мұның барлығына уақытты дұрыс басқармаудың кесірінен тап боламыз.

Ендеше келеңсіз жайттардың алдын алу үшін не істеу керек? Назарларыңа бір күндік демалысты сапалы өткізуге байланысты 7 лайфхакты ұсынамыз.

🟢 Демалыс күні әлеуметтік желіден бас тартыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде және жатар алдында телефон ұстамауға тырысыңыз. Зерттеулерге сүйенсек, әлеуметтік желіні жиі пайдалану мидың үш бөлігіне кері әсерін тигізеді. Нақтырақ айтсақ, зейінді, есте сақтау қабілетін, қоғаммен байланысты нашарлатады.

🟢 Ұйқыңызды қандырыңыз.

Жексенбі күні әдетті күндерге қарағанда 1 сағат кеш тұрыңыз. Себебі демалыстың өнімді өтуі ұйқының қануына тікелей байланысты. Егер ерте жатып, көз іле алмай жатсаңыз, кітап оқыңыз. Тек телефон ұстамаңыз. Себебі әлеуметтік желіде бірнеше сағатыңыздың қалай өтіп кеткенін аңғармай қаласыз.

🟢Табиғат аясында демалыңыз.

Табиғатқа шығудың физикалық және психикалық жағынан денсаулыққа пайдасы бар. The Guardian басылымы, осыған қатысты ғалымдардың зерттеулерін ұсынған. Олардың айтуынша, табиғатта өткізген екі сағат бес күн қатарынан жеміс-жидек жеумен және аптасына 150 минут физикалық жаттығу жасаумен тең.

🟢Медитация жасаңыз.

Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз және сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.

🟢Жаңа дүниені үйреніңіз.

Ми жаңа ақпартты қабылдаған сайын қызметін жақсартады. Сол себепті бір демалысыңызды бұрын істеп көрмеген дүниелерге арнаңыз. Мысалы, бидің жаңа түрін үйреніңіз немесе кез келген аспапты меңгеруіңізге болады.

🟢Жақын адамдарыңызбен кездесіңіз.

Егер жұмыс күндері жақындарыңызға көңіл бөле алмасаңыз, жексенбі күні кездесуге шақырыңыз. Жолығатын жерді сырт жақтан таңдаңыз. Мысалы, аныңызбен киноға бара аласыз немесе әжеңізді мейрамханаға апарыңыз. Досыңызбен саябақта серуендеп қайтыңыз.

🟢Танымдық орындарға барыңыз.

Мұражайлар мен тарихи орындар таным көкжиегіңізді кеңейтеді. Ал сурет салу, құмыра жасау сынды әрекеттер психологиялық жағынан ойыңызды жинақтауға көмектеседі әрі жаныңызға тыныштық сыйлайды.

Осымен біз ұсынған 7 лайфхак пайдаңызға жарасын!