Дінмұхаммед Қонаев: Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру

Автор: редактор 24 Сәуір, 2023


📌 Дінмұхамед Қонаев кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

◼️ Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

◾️Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, яғни түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды.

✔️ Ендеше бүгін назарларыңызға ұлы тұлғаның керемет нақыл сөздерін ұсынамыз.

1️⃣ Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың.
Сен кетті екен деп өмір – өзен ағысын өзгертпейді.

2️⃣ Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры

3️⃣ Адам айнасы – адам.

4️⃣ Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілген.

5️⃣ Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

6️⃣ Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.

7️⃣ Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

8️⃣ Ақиқаттан атап кету — арға сын.

9️⃣ Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

🔟 Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

1️⃣1️⃣ Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

1️⃣2️⃣ Орынды сын ойлантпай қоймайды.