Елшіліктегі сұхбатты сәтті тапсырудың қадамдары

Автор: редактор 11 августа, 2022


💭Сұхбат кезінде өтініш берушінің барлық құжаты толық тәртіпте әрі виза орталығының талаптарына сай болса да, виза беруден бас тартуы мүмкін екені жасырын емес. Сондықтан төмендегі ұсыныстарды қолдана отырып, осы сынаққа мұқият дайындалу керек.

▫️Сыртқы түр келбетіңіздіңіз ұқыпты болуы. 

Бұл ресми мекеме, сондықтан мұнда қысқа шалбар, юбка және футболкалар орынсыз болып есептеледі. Тым ашық емес, тым ресми емес, қарапайым күнделікті киімдерге артықшылық берген дұрыс.

▫️Сауалнамада жазылған ақпаратты нақты білу.

Өтініште көрсетілген ақпаратты жақсы білу маңызды. Кіру және шығу күні, қозғалыс бағыты, қабылдаушының мекен жайы, сондай-ақ байланыс телефондары, оқудың ақысын төлейтін демеушінің аты-жөні, және басқа да нюанстарына мән беріңіз. 

▫️ Өтініш беруші виза алғысы келетін елдің тілін білуі қажет. 

Өтініш берушілер үшін бақытымызға орай, виза қызметкерлері орыс тілінде де, ана тілінде де сұхбат жүргізе алады. Тағы бір маңызды мәселе — өтініш беруші баратын елі туралы ақпараттарды біліп баруы керек. 

▫️Әзілдеспеңіз. 

Орынсыз әзіл виза қызметкерінің маңызды шешіміне әсер етуі мүмкін. Себеьі осыған ұқсас жағдайлар тәжірибеде кездескен.

▫️ Шынайылық, ізгі ниет, ұстамдылық.

Елшілік қызметкерінің негізгі міндеті — психикалық ауруы бар адамдардың виза алуына жол бермеу. Сондықтан сұхбатта өзіңізді байсалды, мейірімді және ашық ұстаңыз. Қойылған сұрақтарға, тіпті олар күлкілі немесе оғаш көрінсе де, анық және нақты жауап беру керек.

▫️ Ұқыптылық. 

Сұхбатқа уақытында келу үшін жоспарланған тапсырмаларды кейінге қалдыру немесе оларды алдын ала орындау керек.

▫️Техникалық заттарды үйде қалдыру керек.

Елшілік аумағында ноутбуктарды, планшеттерді, ұялы телефондарды және фотоаппараттарды пайдалануға рұқсат етілмейді.