Есте сақтау қабілеті

Автор: редактор 01 Наурыз, 2022


XXI ғасыр көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқандықтан, ақпарат ағымына шектеу қоя алмаймыз. Сол себепті тұрақты түрде миды жаттықтырып, есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін жаттығуларды жасап отырғанымыз жөн.

Ендеше біз ұсынған 5 кеңесті пайдаланып, жады жұмысын дамытыңыз. ✅

1️⃣ Спортпен айналысу


Ғылыми нәтижелер спортпен шұғылданатын адамның басқаларына қарағанда есте сақтау қабілетінің жақсы болатынын дәлелдеді. Себебі спорт миға келетін қанның көлемін арттырып, денені оттегімен толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дене қозғалысы миды артық күштерден арылтады.

Сол себепті күнделікті әдетіңізге спортпен шұғылдануды да қосып қойыңыз!

2️⃣ Дұрыс ұйқы

Ұйқы қанбаса ми қызметі нашарлайды. Салдарынан нейрондар үдерісі баяулап, ойды жүйлей алмай, есте сақтау қабілетіңіз төмендей түседі. Сондықтан тәулігіне 8 сағат ұйықтауға тырысыңыз.

3️⃣Жаңа әдет қалыптастырыңыз

Ми жаңа ақпараттар мен іс-әрекеттер арқылы өз қызметін дұрыс атқарады. Мысалы, әдетте тісіңізді оң қолыңызбен тазаласаңыз, бұл жолы сол қолыңызбен тазалап көріңіз. Арнайы дәптер бастап, 10 минут сол қолмен жазуды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаңа әдеттер арқылы миға салмақ түсіріп, оның қызметін жақсартасыз.

4️⃣Миды жаттықтыру


Мидың тағы бір азығы – кітап. Күнделікті 20-30 минут кітап оқып, оны дәптерге түсіріп, оқиғаны өз-өзіңізге баяндап беріңіз. Сондай-ақ сөзжұмбақтар мен логикалық сұрақтарды көбірек шешіңіз. Сүйікті ақындарыңыздың өлеңдерін жаттап алыңыз. Шет тілдерді меңгеріңіз. Дәл осы жаттығуларды жасай отырып, ми жұмысын жақсартуға болады.

5️⃣Дұрыс тамақтану

Құнарлы тамақ мидың қанайналым жүйесіне пайдалы. Миыңыз белсенді қызмет жасасын десеңіз тәттіден бас тартыңыз. Себебі тәттілер ағзадағы глюкозаның ауытқуына алып келеді. Сәйкесінше адамның зейіні бұзылып, күйзеліске душар болады. Дегенмен қара шоколад көңіл күйдің тұрақты әрі көтеріңкі болуына әсер етеді. Оны әдетте таңғы уақытта тұтынғаныңыз жөн. Себебі зейініңізді арттыруға көмектеседі.

Сонымен қатар кофе де ми жұмысына пайдалы. Әсіресе, компьютер алдында ұзақ отыратын адамдар үшін әсері зор. Кофенің құрамында антиоксидант пен аминқышқылдары мол болғандықтан, ол күні бойы адамның сергек жүруіне көмектеседі. Таңқурай, грек жаңғағы, жұмыртқа, балық, көк шай сынды тағамдар да мидың қартаюына жол бермейді.