Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ТОП-5 лайфхак 

Автор: редактор 22 сентября, 2022


1️⃣ Қанттан бас тартыңыз

🍬🍫 Қантты шамадан тыс тұтыну денсаулығыңызға, соның ішінде когнитивті құлдырауға әкеледі. Зерттеулер көрсеткендей, теңгерімсіз диета есте сақтау қабілетінің нашарлауына және мидың, әсіресе есте сақтау аймақтарының тарылуына әкелуі мүмкін.

Тамақтану барысында қанттың мөлшерін азайту — мұндай проблемаларды болдырмауға көмектеседі және жалпы денсаулыққа оң әсер етеді.

2️⃣ Медитацияға уақыт бөліңіз.

🧘🏻‍♂️🧘🏻‍♀️ Медитация адамның жан дүниесін тыныштандырады, ауырсынуды азайтады. Яғни адамның жаны мен ойын тазартатын рухани жаттығулардың бірі.

Медитация қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондықтан оны күніне екі рет жасаған дұрыс. Нақтырақ айтсақ, таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөлуге тырыс.

📍Медитация таңертең ойды жинақтауға көмектессе, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға әсерін тигізеді. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз.

Медитацияны тыныш жерде жасаңыз және сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.

3️⃣ Зейінді жаттықтыру

🟢 Зейінділік — бұл жағдайға назар аударатын, сонымен бірге өз сезімдері мен қоршаған ортаны жақсы түсінетін психикалық күй. Ол медитацияның бөлігі ретінде қолданылады, бірақ бұл ресми тәжірибе емес, әдет.

Зерттеулер зейінділік стрессті азайтуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға тиімді екенін растайды. Психология студенттерімен жүргізілген эксперимент осы әдістемені меңгергендердің объектіні тану жылдамдығын жақсартқанын көрсетті.

Зейінділік жасқа байланысты когнитивті құлдырау қаупін азайтуға көмектеседі және жалпы психологиялық әл-ауқатқа оң әсер етеді.

4️⃣ Физикалық жаттығу жасаңыз.

🧘🏻‍♀️🏊🏻‍♂️ Күніне кем дегенде 30 минут дене жаттығуымен айналыс. Бұл өмір сүру дағдыңда тұрақты әдет болып қалыптасуы тиіс. Физикалық жаттығулардың көптеген түрі бар. Оларға жүзу, жүгіру, жаяу жүру, би жатады. Дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрейді төмендетуге әрі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар бұлшықеттің тығыз болуына, сүйектің мықты болып қалыптасуына ықпал етеді. Физикалық жаттығуларды жасай отырып, терідегі қан айналым процессін жақсартасың әрі қартаюдың алдын аласың.

5️⃣ Ұйқыңызды қалыпқа келтіріңіз.

😴 Нашар ұйқы — жүрекке және есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, инсульт көп жағдайда ұйқының бұзылуынан орын алады. Егер күнделікті 7-8 сағаттан аз ұйықтасаң, онда жүрек ауруына душар болуың әбден мүмкін.
Ұйқының бұзылуы — күйзеліске және психикалық ауруларға алып келеді. Себебі күнделікті ұйқысырап жүрсеңіз, мақсатыңызға жету жиілігі төмендей береді. Осылайша, мақсатыңыз қиялға айналып, энергияңыз төмендейді. Сонымен қатар мұндай жандар әрдайым ашуға беріліп, өмірге налып жүреді.