📖 Француз тілі – әлемдегі ең әдемі әрі әуезді тілдердің бірі. Бұл тілдің көптеген ерекшелігі бар. Мәселен, кез келген адамның ән айтуға, өлең жазуға, махаббат жайлы жырлауға деген құлшынысын оятады.
⠀
✔️ le-francais.ru – француз тілін жаңадан бастап жатқандарға арналған оқулық. Мұнда барлық сабақ онлайн жүйеде өтеді. Сонымен қатар бұл оқулық аудио және бейнероликтерге негізделіп жасалған.
⠀
✔️ polarfle.com – аталмыш сайттан детективті оқиғаларды зерттеу арқылы тіл үйрене аласың. Бұл жерде грамматиканы, жаңа сөздерді меңгере отырып, тыңдалым қабілетіңді жақсартуға мүмкіндік бар. Әсіресе, тілді жалғастырушылар үшін өте қолайлы құрал (A2, B1 және т.б.).
✔️ les-verbes.com – мұнда француз тіліндегі етістіктердің жинақтамасы берілген.
✔️ podcastfrancaisfacile.com – бұл жерде француз тіліндегі аудио подкасттарды аудармасымен бірге тыңдай аласың. Подкастта бірнеше тақырып қарастырылған. Мысалы, грамматика, диктант, мәдениет туралы мақалалар да бар. Нақтырақ айтсақ, қосымша жаңадан бастаушылар мен жалғастырушылар үшін де жарамды.
✔️ bescherelle.com – сайтта француз тілінде жаттығулар мен ойындар берілген. Қосымша барлық деңгейге арналған.
⠀
✔️ hosgeldi.com – сөздік қорды көбейтуге мүмкіндік беретін қосымшалардың бірі. Мұнда алдымен жасырылған сөздерді табуың қажет. Содан соң бүгін, ертең үйренуге болатын сөздер тізімін ұсынады.