⠀
Харизма – адам бойындағы туа бітті дарын. Алайда бұл қабілетті жүре келе қалыптастыруға да болады. Қалай дейсіз ғой?! Ендеше, төмендегі кеңеске құлақ түріңіз!
⠀
✅ Дәрігер Джон Антонакис көпшіліктің назарын өзіңізге қарату үшін сторителлинг әдісін қолдануды ұсынады. Яғни, басқосуларда түрлі тақырыптағы әңгімелер мен қызықты оқиғалар жайында сөз қозғау;
⠀
🟢Әңгімені баяндау барысында түрлі эмоциялар мен мимикаларды, сонымен қатар дауыс интонациясын қалыптастыру;
⠀
🟢Сөйлеу кезінде сізге кедергі келтіріп, сөзіңізді бөлген адамды әзілмен тойтару (яғни, ойыңызды бөлген адамға екінші рет сұрақ қоймайтындай, байыпты түрде жауап беру);
⠀
🟢Өзгелердің сізге магнит секілді тартылғанын қаласаңыз, бойыңыздағы сенімділікті арттыра отырып, кез келген ортада әңгімені бірінші болып бастаңыз. Сосын…күлімдеп жүруді ұмытпаңыз.
⠀
🟢Кез келген адамның бойында өзіне баурап алатын қасиет болады. Алдымен сол қабілетіңізді анықтап алыңыз.
⠀
Сосын осы қасиетті тартылыс күшіне айналдырғыңыз келсе, күн сайын дамытыңыз.
⠀
Харизмам жоқ деп қаймықпаңыз. Себебі оны күнделікті дамытып, қалыптастыруға болады. Ендеше, сізге сәттілік!