Холли Берри: Жеңілуді білмеген жан, жеңістің де не екенін білмейді

Автор: редактор 10 Сәуір, 2023


💎 Холли Берри – американдық актриса әрі режиссер.

☝🏻«Үздік актриса» номинациясы бойынша «Оскар» марапатына ие болған өнер иесі арманын шындыққа айналдыру үшін 21 жасында Нью-Йоркке көшеді. Осы алып қалада діттеген мақсатына қол жеткізіп, әлемге әйгілі актрисалардың қатарына қосылды. Алайда бұл жолға жету оңай болмады. Бастапқыда түрлі қиындықтардың орын алғанын да атап өту керек. Өйткені актрисаның бұл арманына анасы сенімсіздікпен қарап, оған қаржылай көмектесуден бас тартады. Нәтижесінде, ол үйсіз жандарға арналған баспанада түнеуге мәжбүр болады. Берри дәл осы сынақ оған үлкен тәжірибе болғанын әрі оны өсіргенін айтады.

📌 Олай болса, назарларыңызға қайсар актрисаның шабыт беретін бірнеше нақыл сөзін ұсынамыз.

💎 Егер сен жеңілуді білмесең, онда жеңістің де дәмін сезбейсің.

💎 Әдетте, сіз адамдарға ашылған кезде, олар өмірлік тәжірибеңізден сабақ алудың орнына, бұл қылығыңызды өзіңізге қарсы қару ретінде қолданып жатады.

💎 Өмір маған қаншама рет сабақ берсе де, мен түзелмейтін романтик болып қала беремін.

💎 Мен сән қуып, біреуді көшіретін адамдардың қатарынан емеспін. Мәселен, маған қарапайым дүкендегі шалбар ұнауы мүмкін. Егер ол маған жарасып тұрса, неге бренд киім үшін 10 есе артық төлеуім керек?

💎 Сыртқы келбетіңіздің жарқын болуы өмір салтыңызға байланысты болады. Мысалы, мен темекі, шарап, есірткі сияқты зиянды заттарды мүлдем қолданған емеспін. Себебі мұның бәрі жыл өткен сайын бет-әлпетіңізден көрініс табады.

💎 Әдемі жеңілуді білмейтіндер, әрдайым жеңіске жетуі керек. Ал мен әдемі жеңілуді білмеймін.

💎 Өмірлік бұлшықеттер қиындық түскен кезде қатая түседі.

💎 Мен кішігірім істеріммен айналысып жүрген қарапайым адаммын. Одан артық ештеңе жоқ.

💎 Актриса болғысы келетін қыздарға үнемі былай деп айтып отырамын: «Неге? Студияны басқару үшін сценарийші болыңыз немесе бизнес мектебін аяқтаңыз. Өйткені шын мәнінде кино түсіретін адамдардың барлығы сахнаның сыртында жүреді”.

💎 Менің өмірімде алғыс айтатын ер адамдар бар. Ал қалғандарын тек ұмытуым керек. Ұмыту – алайда ештеңеге өкінбеу.

💎 Мендегі басты мәселе – дұрыс емес еркектерді таңдауымда. Назар аударыңыз, жаман емес, тек мен үшін дұрыс емес еркектер.

💎 Жасым ұлғайған сайын байқағаным, әйел адамдап макияжды неғұрлым аз пайдаланса, соғұрлым жас көрінеді екен.