IELTS емтиханын сәтті тапсыруға арналған 4 кеңес

Автор: редактор 06 Шілде, 2022


IELTS емтиханын сәтті тапсыруға арналған 4 кеңес

IELTS не үшін қажет? 🤔

🏢 Жоғары оқу орнына түсетін болсаңыз немесе Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Ұлыбританияға қоныс аударатын ойыңыз болса – IELTS міндетті түрде қажет. Сондай-ақ IELTS сертификаты АҚШ-тың көптеген университетіне жарамды.

📌 Аталмыш емтиханның жалпы және академиялық деп аталатын екі нұсқасы бар. Егер сіз шетелде оқып, ғылыми жұмыстар жазғыңыз келсе, академиялық модуль қажет. Эмиграция және жұмыс үшін жалпы түрі ұтымды.

📌 IELTS тыңдаудан (40 минут), оқудан (60 минут), жазудан (60 минут), ауызша сөйлеуден (10-14 минут) тұрады. Барлық кезең аудиторияда өтеді.

📌 IELTS емтиханын тапсырған жандар дайындық үшін кем дегенде үш ай қажет екенін айтады.

Ендеше біз ұсынған лайфхактарға көз жүгіртіп, емтиханды сәтті тапсырып шығуға мүмкіндік алыңыз. 😍

1️⃣ Listening – “тыңдалым” бойынша лайфхактар✔️

Бұл бөлім бойынша подкасттар мен радио хабарларды тыңдаңыз. Субтитрлері мен музыкасы бар сериалдардан бас тартыңыз. Көптеген оқытушы дайындық күндері BBC жаңалықтарын тыңдауға кеңес береді.

📍Белсенді тыңдау. Үлкен дүниелерді ойлап, амалсыз бір сағат бойы подкастты тыңдағанша, 2-3 жаңалықты тыңдап, талдау жасаған дұрыс. Аудионы талдай отырып, келесі маңызды нәрселерге назар аударыңыз: айтылуы, сөздік, грамматика және баяндау құрылымы.

📍Тыңдағаннан кейін интернеттен ұқсас тақырыптар бойынша мақалаларды тауып, жаңа сөздерді оқып, жазып алыңыз.

📍Тыңдау күнделігін жүргізіңіз. Подкастта не тыңдағаныңызды, нені түсінгеніңізді және сізге не ұнағанын жазыңыз.

2️⃣ Reading – “оқу” бойынша лайфхактар✔️

Емтиханға дайындалу үшін күрделі мәтіндерді оқыңыз. Мұнда жеке сөздерді білу жеткіліксіз. Себеді идиомаларды, синонимдерді білу, ұзақ сөйлемнің құрылымын түсінуіңіз керек.

📍Дайындық кезінде көркем әдебиетті ұмытып, ғылым, қоршаған орта, білім, технология, экономика және жұмыспен қамту туралы мақалаларды оқуға тура келеді.

📍 Маңызды деген онлайн журналдарды іздеңіз. Мысалы: The Economist, The New Scientist, National Geographic, Time, ал кешке Google News сайтын ашып, әлемде болып жатқан оқиғаларды оқыңыз. Ыңғайлы болу үшін ұялы телефоныңызға мақалаларды бір арнаға жинайтын қолданбаларды орнатыңыз – Apple жаңалықтары, Flipboard, Feedly.

3️⃣ Writing – “жазу” бойынша лайфхактар✔️

Бұл ең қиын кезеңнің бірі. Сондықтан дайындыққа көбірек уақыт бөліңіз. Компьютерде емес, қолмен жазуды үйреніңіз. Қолыңызға қалам алып, күн сайын эсселер мен диаграммаларды қайталап жаза беріңіз. Барлық пайдалы сөздер мен конструкцияларды белгілеңіз және оларды жатқа айтыңыз.

📍Мәтіндерді IELTS-емтихан веб-сайтынан алуға болады. Дайындыққа уақытты өзіңіз белгілеңіз. Мәселен, диаграммаға 20 минут, ал эссеге 40 минут уақытыңызды арнаңыз.

4️⃣ Speaking – “сөйлеу” бойынша лайфхактар✔️

Бейнені қараңыз, аудионы тыңдаңыз және барлық грамматикалық құрылымдарды жазыңыз.

📍Адамдврдың емтиханды қалай тапсыратынын көру үшін YouTube қосымшасынан «real ielts speaking» бейнелерін көруге кеңес береміз. Мысалы, IELTS ресми YouTube арнасында осындай видеолар бар. Мұнда әңгіме қалай өтетіні және емтихан алушы қандай сұрақтар қоятыны белгілі болады.