Иммунитетті көтерудің 5 әдісі

Автор: редактор 10 октября, 2022


Иммунитеті төмен адам түрлі ауру мен инфекцияларды тез жұқтырып алуға бейім келеді. Сондықтан біз ұсынған кеңеске құлақ асып, тәжәрибеде қолданыңыз!👍

🟢 1. Спортпен айналысу

Спортпен айналысу – денсаулығыңыздың қалыпты нығаюына арналған бірінші қадам. Жиі әлсіздікке ұшырайтын адам жиі серуендеуі керек. Спорттың ішіндегі қолжетімдісі жаяу жүру. Сондықтан үйден дүкенге, жұмысқа жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Күнделікті серуеннің табиғат аясында болуын қадағалаңыз. Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға ықпалын тигізеді.

🟢 2. Салқын сумен жуыну

Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаны жөн. Алдымен аяқғыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден және иықтан төмен қарай, ең соңында төбеңізден төмен қарай салқын су құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет жуынып, уақыт өте бұл әдісті көбейтуге тырысыңыз.

🟢 3. Құнарлы ас ішу

Дұрыс тамақтану иммунитетті нығайтудың қарапайым жолы. Күнделікті ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Құрамында С, Е дәрумендері бар тағамдар, каротиноидтер, омега-3 майлы қышқылдары мен пробиотиктер иммунитетінің күшеюіне жәрдемдеседі. Оларға: жеміс-жидек, көкөніс, бал, ет және т.б жатады. Қанты және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн. Тіпті, қантты пайдалануға шектеу қойыңыз, себебі қант және өзге де тәттілер иммунитет жүйесін бұзады. 

Тамақтану рационына балық пен балық майын қосыңыз. Өйткені балық құрамында макрофактардың белсенділігін арттыратын омега-3 майлы қышқылы бар. Макрофагимак – ағзадағы бактериямен қоректенетін ақ жасушалар. Аптасына бір немесе екі рет балық жесеңіз, балық майын күніне бір капсуладан ішсеңіз жеткілікті.

🟢 4. Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз

Иммунитетті нығайту үшін қытай лимонын, лимон қосылған көк шай, итмұрын және осы сынды шөптің жапырағы мен тамырынан алынатын тұнбаның пайдасы мол.

🟢 5. Дұрыс ұйқы

Иммунитетті арттырудың ең қарапайым жолы – дұрыс ұйқы. Ұйқыңыз тыныш болмаған жағдайда жиі ауырып, мазаңыз қашады. Дені сау, ақыл-есі дұрыс адам күніне жеті не сегіз сағат ұйықтайды.

Аталған кеңестерді пайдалана отырып, иммунитетіңізді көтеріңіз. Себебі, деніңіз сау болса, ісіңіз алға басып, көңіліңіз тыныш болады.