Көктем қарсаңында әрбір адам денсаулығына күтім жасап, иммундық жүйесін көтерудің амалдарын қарастыруы қажет. Себебі иммунитет мықты болса, түрлі жұқпалы аурудың алдын аласың.💪🏻
Ендеше назарларыңа иммунитетті нығайтудың 5 жолын ұсынамыз. ✅
📌Дұрыс ұйқы
Иммунитеттің дұрыс қалыптасуы үшін алдымен жеткілікті мөлшерде ұйқы қажет. Себебі ұйқыға жауап беретін мелатонин гармоны кешкі сағат 21:30-22:00-ден бастап бөлінеді. Мелатонин ағзадағы иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне, жаңа жасушалар түзуіне әсер етеді.
Егер 22:00-ге дейін ұйықтап үлгермесең, сәйкесінше иммуниетітің де нашарлай береді. Сол себепті осы аталған уақытта ұйықтауға тырыс. Сонымен қатар бөлменің қараңғы болуына мән бер. Өйткені қараңғы бөлмеде мелатонин дұрыс бөлінеді.
📌Таза ауада серуендеу
Таза ауамен тыныстау үшін терезені ашып, бөлмені желдетіп отыру аздық етеді. Сондықтан күнделікті 1 сағат жаяу жүруді әдетке айналдыруға тырыс. Себебі біз күн көзінен D дәруменін аламыз. Бұл иммунитеттің дұрыс қалыптасуына тікелей жауап береді.
📌Дене жаттығулары
Бұл жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Физикалық жаттығулар созылмалы шаршау синдромы мен басқа да ауыр аурулардан зардап шегетін адамдардың ағзасындағы энергия қорын көбейте алады. Зерттеулерге сүйенсек, аптасына 150 минут бірқалыпты қарқындылықпен жаттығу жасау ұйқы сапасын 65% -ға жақсарта алатынын дәлелдеді.
📌Дұрыс тамақтану
Ағзаға қажетті дәрумендерді тұтыну керек. Сол себепті көкөністер мен жемістерді күнделікті ас мәзіріңе қосуды әдетке айналдыр. Жемістерді таңғы сағат 11:00-ге дейін жеуге тырыс. Ал көкөністердің құрамында қант болатындықтан, оны сағат 16:00-ге дейін ғана жеген дұрыс. Күнделікті 1.5-2 литр су іш.
Сонымен қатар таңғы асты уақытымен ішу қажет. Ол организмдегі зат алмасу процесін жақсартады. Таңғы ас ішпейтіндердің асқазан-ішек аурулары, гипертонияға дейін шалдығу қаупі зор. Таңертең ағза қажет энергияны алмағандықтан, күні бойы барлық минерал мен дәруменді «жеп қояды да» әлсіздік пайда болады.
📌Суға жиі түсу
Мүмкіндік болса, жүзумен айналыс немесе әрдайым контраст душ қабылда. Душқа түсер уақытта су температурасын өзгертіп отыр. Судың бірде ыстық, бірде суық болып ағуынан ағза шынығады. Осылайша, зат алмасу процесі жылдамырақ жүреді.
Жуынғанда ыстық пен суық суды қатар қолдану иммунитетті көтереді.
Басында суық су жағымсыз әсер сыйлап, оксидант күйзеліс әкелуі мүмкін. Бірақ дене үйреніп, шыңдалған сайын оксиданттарға бейімделеді, нәтижесінде ағзаның қорғаныс функциясы дамиды, вирустарға төтеп беруге дайын болады.