💭 Табан астында суырып салып әңгіме айтып, бәрінің көңілін аулап жүретін адамдарға қызығып қарайтындар жетерлік. Себебі мұндай адамдар кез келген ортаның гүлі болып саналады.
⠀
Сондықтан олар құлақтың құрышын қандыратын тақырыптарда сөз қозғай отырып, өзінің ерекше қасиетімен көпшіліктің есінде сақталып қалады. Иә, сіз де үлкен ортада үнсіз қалмай, импровизацияңызды дамытуды көздейтін боларсыз? Ендеше, мына кеңестерді қаперіңізге сақтап, қажетіңізге жаратыңыз.
⠀
1️⃣ Бойыңыздағы қорқынышыңызды жеңіңіз. Ол үшін үлкен жиындарға, отырыстарға жиі баруды әдетке айналдырыңыз. Себебі мұндай орта сіздің ашылуыңызға септігін тигізеді.
⠀
2️⃣ Күнделікті айнамен жұмыс істеңіз. Күн сайын түрлі тақырыптарды арқау ете отырып, айна алдында әңгіме айтыңыз. Бұл жердегі басты мақсат – тоқтап қалмай, әңгіме айта беру.
⠀
3️⃣ Екеуара ойын. Бұл ойында сіздің жаныңызға серік болатын досыңыздың болғаны жөн. Яғни, ол сізге түрлі тақырыптарда сұрақ қойып, тыңдап отыруы қажет. Аталмыш әдіс сөздік қорыңыздың дамуына септігін тигізеді.
⠀
4️⃣ Конфуцийдің тілі. Яғни, сіз ашық, жабық және риторикалық сұрақтарды қойып үйренуге дағдылануыңыз қажет. Аталмыш үш сұрақтың түрімен алдағы жазбада бөлісетін боламыз.
⠀
5️⃣ Өзіңіз жақсы білетін бір тақырыпты аласыз. Соған қатысты бірнеше тезис ұсыныасыз. Яғни, әңгіме төңірегінде толыққанды жауап беру маңызды. Сол сияқты сізге таныс емес тақырыптарда да осы әдісті пайдалана отырып, әңгіме өрбіту.
⠀
6️⃣ Ойыңыздан ертегі құрастырыңыз. Ертегіде бір сюжеттің қайталанып кетпеуіне мән беріңіз.