«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 Ақпан, 2024


💡 5 ақпан – Эрудиттер күні. Эрудит – көптеген білім саласынан хабардар әрі интеллектуалды ой өрісі кең адам. Олардың оқуға деген құштарлығы жоғары. Қала берді өзін-өзі үнемі дамытып отырады. Мұндай жандар бір ғана білім ордасынан алған біліммен ғана шектелмейді. Нақтырақ айтсақ, олар жеке күш-жігері мен табандылығының арқасында бір саланы бірнеше бағытта зерттеуге бейім келеді. Сондықтан сіз де оқыңыз, ойлаңыз, өсіңіз, дамыңыз!

Сіз білімді адамдармен сөйлескенді ұнатасыз ба? 

 

👀 Бүгін тәтті әуесқойлары –  Дүниежүзілік Нутелла күні. Аталмыш шоколадтың пайда болуы күтпеген жерден орын алды. Нақтырақ айтсақ, кондитер Пьетро Ферреро қалалық кештердің біріне шоколад батондарына үлкен тапсырыс алады. Алайда таңертең кондитерлік цехқа бет алғанда, түнде қалған батондардың еріп кеткенін көреді. Бұл келеңсіз жайттан қорыққан Пьетрро тығырықтан шығудың жолын тауып, әйелі кескен жұқа тілімдерге еріген батондарды тез жаға бастайды. Мереке қарсаңында емделіп жатқан адамдар шоколад пен жаңғақ кремі қосылған бутербродтардан қуана дәм татып, көңілдерінен шығады. Осы күннен бастап бұл өнім үлкен танымалдыққа ие болады. Кондитер ойлап тапқан паста Ферреро компаниясның дүниеге келуіне бастамашы болды. Ал Нуттелла миллиард доллар әкелген ең қарапайым 10 өнертабыс тізіміне енді. 

Сізге шоколад пастасы ұнай ма?

👥 5 ақпан екі атақты футболшының туған күні. Бүгін Португалия құрамасының капитаны, Сауд Арабиясының “Ан-Наср” клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 39 жасқа толды. Ол футбол тарихында ең көп гол соққан үздік футболшылардың бірі. Криштиану бес дүркін “Алтын доп” және төрт дүркін “Алтын бутсы” иегері. Футболшы бес мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол әлемде ең жоғары жалақы алатын спортшы. Жылдық жалақысы 200 миллион долларды құрайды.Сондай-ақ бүгін Бразилия құрамасының және Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы Неймар 32 жасын атап өтеді. Ол әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі. 2017 жылы Time журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды 100 адамының тізіміне енді. 2019 жылы Forbes журналы Неймарды әлемдегі ең көп жалақы алатын үшінші спортшы деп атады. Өткен жылы ол Пелені басып озып, Бразилияның ең үздік бомбардирі атанды.

 

Сізге қай футболшы ұнайды: Роналду әлде Неймар?