«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 июня, 2023


 

🤠7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл мамандардың негізгі міндеті – бәсекелестік ортаны құру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысымен «7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні» болып бекітілді.  Оны белсенді түрде дамытуға жәрдемдесіп жүрген адамдардың ресми түрде атап өтеді. Монополияға қарсы орган Қазақстан Президентіне ғана бағынады.

 

Егер Монополияға қарсы орган қызметкерлерін білсеңіз, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🕺Маусымның бірінші сәрсенбісі — Дүниежүзілік жүгіру күні. Бұл – Ежелгі Грекиядан Олимпиаданың жарыс бағдарламасына енгізілген ең көне спорт түрінің бірі. Жүгіру қарапайым әрі қолжетімді спорт түрі болғандықтан, оның танымалдылығы да жоғары болды. Себебі жүгіру үшін бір жұп аяқ киім жеткілікті. Сонымен қатар кез келген жерде жүгіруге мүмкіндік бар. Мысалы, арнайы жаттықтырушымен бірге дайындалуға болатын тегін жүгіру клубтарын да атап өтуге болады. Бүгінде әлемде, соның ішінде Қазақстанда да жыл сайын түрлі марафондар өткізілуде. Кезекті марафон 18 маусым Астанада өтетінін еске саламыз.

Ал сіз жарыстарға қатысып көрдіңіз бе?

🍫Сондай-ақ 7 маусым Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні аталып өтеді. Азық-түлік сапасының нашар болуы 200-ден астам аурудың өршуіне себепші болады. Өсімдіктерді өсіруге қолданатын химиялық заттар адам ағзасына түскенде аллергия, асқазан-ішек ауруларын, тіпті қатерлі ісікті де тудырады. 2016 жылы БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі проблемасына назар аударуды қолға алды. Себебі өнімдердің сапасыздығынан жыл сайын әлемде жүз мың адам көз жұмуда. Олардың 40 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар.

Химиялық қоспасыз тағам жеп, өз денсаулыңызды күтіңіз!

👺Сонымен қатар бүгін тағы бір қызықты күн аталып өтеді. Бұл – циник күні. Циник – әлеуметтік, мәдени немесе діни құндылықтарды, сондай-ақ моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін елемейтін адамдар. Көп жағдайда цинизм өрескелдікпен, әдепсіздікпен, дөрекілікпен байланысты болып келеді. 

Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз, оларды осы датамен «құттықтай аласыз»!