Көктемде адам ағзасына қандай дәрумендер қажет?

Автор: редактор 05 Наурыз, 2022


Көктемді күтпейтін тіршілік иесі жоқ шығар. Дегенмен көпшілігіміз бұл мезгілде сергек әрі көңілді жүру үшін ағзаға бірқатар дәруменнің қажет екенін ескере бермейміз. Нәтижесінде жиі ауырып, иммунитетіміз төмендеп, әлсіздік пайда болады. Ал мұндай жағдайға тап болмау үшін денсаулыққа қажетті дәрумендерді тұтынғанымыз абзал.

Ендеше көктемнің әр таңын өнімді өткізгіңіз келсе, біз ұсынған кеңестерді оқып шығыңыз! ✔️

Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Жеке-жеке тоқталып өтейік.

🟢А дәрумені

Бұл дәрумен зат алмасу процессін жақсартады. Сонымен қатар ағза күніне 1,5 мг А дәруменін қажет етеді. Оларға: сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ жатады.

🟢B тобының дәрумендері

Егер ағзаға аталмыш дәрумен жетіспесе адам жиі күйзеліске тап болады. Сәйкесінше көңіл күйі болмайды әрі ештеңеге зауқы соқпайды. Күйзеліспен күресуге В тобының дәрумендері, әсіресе, В6 дәрумені мен магний көмектеседі. Бұл топқа жататын дәрумендер ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ бидай, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасының құрамында көп кездеседі.

🟢С дәрумені

Ағзаға С дәрумені жетіспесе адамда ашуланшақтық, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болады. Сондықтан ағзаның иммунды қорғанышын қатайту үшін С дәрумені мен мырышты тұтынғаныңыз жөн. Бұл дәрумендер ағзаны вирустардан қорғайтын лейкоциттер түзеді және иммуниет жұмысын жақсартады. Олар: итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады.

🟢D дәрумені

D дәрумені адамның эмоциялық жағдайына және иммуниетке тікелей жауап береді. Оны көп жағдайда күн көзінен аламыз. Сонымен қатар бұл дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге көмектеседі. Ол балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, сүт өнімдерінде мол. Әсіресе өзен, көл балығына қарағанда, «Д» дәрумені те­ңіз балығында көп.

🔺Міне, жоғарыда аталған дәрумендердің бәрі ағзаға қажет. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олай болса, көктемде өз денсаулығыңызға ерекше мән беріңіз! Себебі денсаулық – сіздің қолыңызда!